Өлең, жыр, ақындар

Философия және саясаттану факультеті

Тәжірибе жетекшісі Есболова Мөлдір Әуелтайқызының жетекшілігімен
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті
Мәдениеттану 2 курс студенті Турлыбаева Жансая Талгатқызы

Шығыстың атақты философы Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен аталған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасындағы жетекші жоғарғы оқу орны болып табылады. Қазіргі уақытта еліміздің ірі білім және ғылыми орталығы болып табылады. Бұл оқу орнында  профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары қызмет атқарады. Бұл дегеніміз ҚазҰУ білікті және мықты маманданды даярлайды. Қазіргі таңда мен ҚазҰУ-нің «Философия және саясаттану» факультетінде білім алудамын. Философия және саясаттану факультеті 1949 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінің құрылуынан бастау алады. Философия және экономика факультеті 1951 жылы философия-экономикалық факультет болып біріктіріледі. 1970 жылдан бастап факультетте шетел студенттері оқи бастады.  Біздің түлектеріміз әлемнің әр түрлі жерлерінде жұмыс істейді. 

Факультет кафедрасы келесі шет елдердің ЖОО-мен және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты, халықаралық ұйымдарымен академиялық тәжірибе алмасуды орындайды:

• Әлеуметтік зерттеу Нью-Йорк университеті 

• Жоғары білім беру бағдарламасы - HESP (Будапешт, Венгрия) 

• Сеул мемлекеттік университеті 

• Санта Барбара қаласының университеті (Калифорния, АҚШ) 

• Беркли университеті (Калифорния, АҚШ) 

• Варша Мемлекеттік университеті (Варашава, Польша қаласы) 

• Мемлекеттік Жоғары мектеп экономика университеті халықаралық экономика және халықаралық қатынастар кафедрасы (Ресей, Мәскеу) 

• Ханьян университеті (Сеул қ-сы, Оңтүстік Корея) 

• Ин Сё университеті (оңтүстік Корея, проф. Кан Шин Пё) 

• Техас А&М Liberal of Art (АҚШ) 

• Санта Барбара қаласының университеті (АҚШ) 

• Анкара қаласының университеті (Түркия) 

• Мимар Синан атындағы университет (Түркия, Анкара қаласы) 

Кафедраның профессор және оқытушылар құрамы лекция мен семинар сабақтарын  оқытудың интерактивты әдістерін қолданады: кейс-әдіс, саяси оқиғаларды талдау, саяси процестерді модельдеу, саяси дебаттар өткізу, диспуттар, конференциялар, іскерлік ойындар, оқиғалық талдау әдістері және пікір алмасу. Саясаттану бөлімінің түлектері қоғам өмірі үшін қажетті және еліміздің мемлекеттік, ғылыми және оқу орындарында, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, ҚР Президенті Әкімшілігінде, Парламентте, әкімшілік пен саяси партияларда сарапшы, саяси технологтар, ЖОО-да оқытушы қызметтерін атқарады. Философия және саясаттану факультетін таңдау арқылы сіз сапалы білім ала отырып, үлкен өмірге жолдама аласыз, өз мансабыңызды құра отырып, табыс пен атаққа қол жеткізе аласыз.                              


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз