Өлең, жыр, ақындар

Дінтану мамандығы-қандай мамандық?

Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі. Университет қабырғасы 1934 жылы Киров атындағы мемлекеттік университет болып ашылған. Менің қазір сөз қозғағым келіп отырған тақырып өз университетім, соның ішінде мамандығым жайлы мамандығым-дінтану. Бұл мамандыққа оқуға түспес бұрын көп ойланып шешім қабылдадым. Әрине, мектепті тәмамдап болғаннан кейін, жақсы мамандық иесі болғың келеді. Осы дінтану мамандығында оқысам кейін өз мамандығым бойынша жұмыс таба аламын ба, дипломым үйде шаң басып қалмай ма, деген сұрақтар мазалағаны өтірік емес . Қайткенменде, бұл Қазақстанда сәл кенжелеп жатқан сала екендігі де рас. Өз ойымды жинақтай келе ата-анаммен ақылдаса отырып осы мамандыққа құжаттарымды тапсырдым. Университетке 2018 жылы оқуға түстім, қазіргі таңда 3-курсты тәмамдадым. Шынымды айтсам, дінтану мамандығына оқуға түскеніме әсте өкінбеймін. Мамандығымды меңгеру барысында түрлі қызықтарға тап болдым. Бүкіл дүниежүзінде әр халықтың, тіпті әр адамның Құдайға деген сенімі әр қилы екен. Осыған дейін әлемде тек 4 дін Буддизм, Христиан, Ислам, Иуадузм діндері бар деп ойлап келдім. Бұл ойымның қате екендігін оқуға түскенімде түсіндім. Мамандықтықты меңгеру үшін университет қабырғасында барлық жағдай жасалған. Енді осы дінтану мамандығының Қазақстанда дамуы жайында толық мәлімет айта кетейін. 1991 жылдан басталған жаңғыру үдерістерінің нәтижесінде ел аумағында көптеген діни білім беру ұйымдары (ДББҰ) ашыла бастады. Бұған 1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған ҚР «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңы тікелей әсер етті. ДББҰ қатарында ислам, православие, католик, інжілдік христиан-баптистер, т. б. конфессиялардың діни бірлестіктеріне қарасты оқу орындары болды. 2011 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша елімізде діни бірлестік нысанындағы 29 ДББҰ тіркелген. Аталған мекемелер заңды тұлға ретінде тіркеуден өтетіндіктен олардың есебін ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету комитеті жүргізген. Дегенмен ДББҰның дербес базасы жасақталмағандықтан және оларға қатысты мәліметтер тіркелген заңды тұлғалардың жалпы базасынан алынып отыратындықтан, есептерде бірізділік болмай, 2009-2011 жылдары ДББҰ саны 27-31 аралығында ауытқып отырды. Сонымен қатар аталған база тұрақты түрде жаңартылып тұрмағандықтан, оның есебінде тіркелген, бірақ нақты қызмет атқармайтын немесе түрлі себептермен қызметін тоқтатқан ДББҰ едәуір болатын. 2011 жылдың 11 қазанында қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы ДББҰ қызметіне елеулі өзгеріс әкелді. Аталған заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес діни білім беру ұйымдарын тек республикалық діни бірлестіктер мен өңірлік діни бірлестіктер ғана құра алатын болды. Заң бойынша мұндай ұйымдардың діни қызметшілер даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын мекемелер нысанында құрылуы көзделді. Исламдық оқу орындары. Кеңестік кезеңде өзінің дәстүрлі арнасынан қол үзіп қалған Қазақстандағы ислами білім беру жүйесі тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде қайта жанданды. Исламдық білім беру жүйесінің жолға қойылуында ҚМДБ шешуші роль атқарды. Қазір еліміздегі ислами білім беру жүйесі бес деңгейде қызмет атқарады: 1. Діни сауат ашу курстары (бастауыш білім). 2. Қарилар дайындау орталықтары (бастауыш кәсіби білім). 3. Медреселер (орта кәсіби білім). 4. Білім жетілдіру институты (қайта даярлау курсы). 5. Университет (жоғарғы кәсіби білім). Діни сауат ашу курстары. Еліміздегі көптеген облыстық, аудандық, қалалық мешіттер жанынан көпшілікке арналған діни сауат ашу курстары ұйымдастырылған. Сонымен қатар ҚМДБ-ның қолдауымен мектеп жасындағы балалар үшін жыл сайын жазғы діни сауат ашу курстары ұйымдастырылып, жұмыс жүргізуде. 2013 жылдың І тоқсанындағы есеп бойынша исламдық сауат ашу курстарының саны – 334, білім алушылар саны – 5789. Білім жетілдіру институты. ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты ҚМДБ бастамасымен және Ислам даму банкінің қаржылық қолдауымен 2002 жылы ашылған. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №474 1900 ДБ тіркеу нөмірі бойынша «Жоғары мамандық білім мекемесі» ретінде тіркелген. Институттың Жарғысы және басқа да құрылтай құжаттары толық бекітілген. Институттың негізгі мақсаты имамдардың білімін жетілдіру болып табылады. Оқу үдерісі төрт айға созылатын курстар бойынша жүргізіледі. Курстар қыркүйек – мамыр айлары аралығында жылына екі рет өтеді. Тыңдаушылардың көпшілігі 40 жастан асқандар. Институттың лицензиясы жоқ, өйткені бұл мекемедегі білім беру жүйесі қысқа мерзімді курстардан тұратындықтан, лицензиялауға жатпайды. Институт ашылғалы 23 топқа біріктірілген 900-ден астам тыңдаушы курсты бітірген. Тыңдаушылар – ҚМДБ құрамындағы мешіттердің қызметкерлері. Олар республиканың барлық аймағынан облыс имамдарының жолдамасымен жіберіледі. Институтта 2 штаттық, 7 қоса атқарушы оқытушы қызмет атқарады. ҚМДБ жолдамасымен Египет тарапынан 1 оқытушы араб тілі және Құран пәндерінен сабақ береді. Қоса атқарушы оқытушылар арасында «Қазақстан – 2030 қазақ-түрік жастарын қолдау» қоғамдық қорының 2 қызметкері жұмыс істейді. Оқу үдерісі институт басшысы бекітіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен келісілген оқу жоспары негізінде дәстүрлі ханафи мазхабы бағытында жүргізіледі. Отандық дін саласының мамандары ислам дініне қатысты пәндерді дәстүрлі исламның доктриналық бағыты бойынша жүргізеді. Зайырлы қоғамдық пәндерден Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері өтіледі. Оқу орны басым бөлігі араб тіліндегі діни әдебиеттермен қамтамасыз етілген. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті 2001 жылы Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасының үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес құрылған. Университетке жалпы басшылық ететін және оның қызметін екі тараптан үйлестіретін Қамқорлар кеңесінің құзіретіне қаржы, мәдени, білім беру саясатын қалыптастыру кіреді. Университеттің білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін мемлекеттік лицензиясы бар (АБ сериялы №0137466, 2010 жылдың 29 қыркүйегінде берілген). Университетте берілетін мамандықтар ҚР жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарымен қамтамасыз етілген. Ойымды қорытындылай кетсем, әр адам өз өмірінің патшасы. Және әр адамның өмірінің кілті өз қолында. Болашақта қандай өмір сүруі керектігін әр адам өз біледі. Сол сияқты мамандықтыда әр адам өзі таңдайды. Сол себепті ешқашан өкінбестей мамандық таңдауларыңызға тілектеспін.

Қасымхан Дилнар

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 4-курс студенті

Практика  жетекші: Дінтану және мәдениеттану кафедасының аға оқытушысы Сарсембаев.Р.М.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар