Өлең, жыр, ақындар

Мектептерде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін не істеу керек

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева елордадағы коронавирусқа қатысты жағдайды баяндады.

«Қалада оқу жылы дәстүрлі форматта басталғаны белгілі. COVID-19 індетінің таралуына тосқауыл қою үшін бірқатар шара қабылданды, яғни елордадағы барша оқу орындары Ashyq жобасына қосылды және мұғалімдердің 99 пайызы вакцина алды», — деді Ж. Пралиева.

Оның айтуынша, педагогтар, персонал, ата-аналар, студенттер балабақша мен мектептерге, колледждерге, университеттерге Ashyq жобасы мен басқа да қосымшалар арқылы өтеді.

«Маска тағу режимін оқу кабинеттері мен үзіліс кезінде де сақтау керек», — деді Жанна Пралиева.

Еске сала кетейік, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мектепте Ashyq-пен педагогтар мен техникалық персонал кіретінін айтты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер