Туған күнге тілектер мен құттықтаулар — Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміндегі материал.
Материал — туған күн, тілек, құттықтау, туған күнге тілектер — осы тақырыптарға байланысты.

Туған күніңізбен! Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын! Көңіліңіздің аспаны ешқашан түнермей, қақаған аяз жаныңызға батпасын! Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінгі күн шындыққа айналсын!
* * * * *
Туған күн – ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар-тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын!
* * * * *
Тек қана туған күніңде емес, әр күн сайын мен саған шын жүректен әлемнің бар асылын, жақсылығын, қуанышын, байлығын тілеймін. Ақ қанат армандарың биікке самғап, өміріңнің көгінен орын ала берсін. Шынайы бақыт иесі болуыңа тілектеспін!
* * * * *
Туған күніңмен! Кеудеңдегі лүпілдеген моторың ақаусыз жұмыс жасап, жүз жаса!Өмірің ой-шұңқыр мен оқапсыз, кең әрі тегіс болсын! Жолдың шұғыл бұрылыстарынан аман өтіп, өміріңнің рөлін мықтап ұста! Өмір жолың сәтті, шаттыққа толы болсын!
* * * * *
Туған күніңізбен! Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, шат күлкі мен махаббатқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын! Әр сәт сізге тек бақыт пен қуаныш сыйласын!
* * * * *
Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген бізге ғана ортақ мейрам болса да, әлемде осы күнге жетер тамаша күн жоқ. Себебі дәл осы күн – біздің әлем сенімен толыққан күн. Біз сені туған күніңмен құттықтап, зор денсаулық, сарқылмас бақыт тілейміз!
* * * * *
Туған күніңмен! Саған туған күніңде жаңа әлемнің есігін айқара ашып, күлкіңмен бағындыруыңды тілеймін! Өміріңнің қыры қашан да жайқалып, гүлдей берсін!
Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
Туған күнге құттықтау мен тілектер
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар
Бұл бетте Туған күнге тілектер мен құттықтаулар тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Туған күнге тілектер мен құттықтаулар материалы Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Жамал
Өміріңнің қыры қашан да жайқалып, гүлдей берсін! қандай керемет тілек! Рахмет! ұнады
Жанайым
Туган кун
Туған күнге тілектер мен құттықтаулар
Туған күнге тілектер мен құттықтаулар
Алма
Туған күн
Тілек
Әдемі тілектер
Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар
Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар
Туған күніңізбен!
Туған күніңізбен!
Туған күнге тілектер мен құттықтаулар
Туған күнге тілектер мен құттықтаулар
Дастан
Туған күнге ең әдемі тілектер мен құттықтаулар екен!! рахмет
Ерхан
Туған күнге тілектер мен құттықтаулар ұнады !! рахмет
Дони
Туған күнге арналған керемет құттықтау
дико
ʕ´•ᴥ•`ʔ
Али
Керемет тілектер жинағы! Қазақша, жүректен шыққан құттықтаулар.
Ментай
Туған күн — әрбір адам үшін ең жылы, қуанышты және ерекше күн. Бұл мақалада берілген құттықтаулар мейірімділік пен ізгі тілектерге толы, туған күн иесіне шын көңілмен бақыт, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тілейтіні ұнайды. Мәтіндегі әрбір тілек жүректен шыққан жылы сөздерге бай, әрі оқырманға шабыт береді. Осындай әдемі тілектерді әлеуметтік желілерде бөлісу арқылы туған күн иесін қуантуға болады!