Өлең, жыр, ақындар

Eye Benders кітабынан алынған оптикалық иллюзиялардың түсіндірмелері

Клив Гиффордтың  «Eye Benders: The Science of Seeing and Believing» кітабынан алынған кейбір иллюзиялар төменде келтірілген.

Кейбір көзбен көрінетін иллюзиялар көздің жұмыс істеуіне байланысты, бірақ көбісі миға келіп түскен сигналдарды өңдеуіне байланысты болып келеді.

Бұл суретке мұқият қарасаңыз жапырақтар қозғалып жатқан сияқты болып көрінеді.

Бұл қозғалмай тұрған дисктерге мұқият қарасаңыз сізге олар қозғалып жатқандай болады. Ал егер кез келген бір дисктің центріне қарап тұрсаңыз жалған қозғалыс тоқтайды. Суретке қарағанда көздеріңіз кішкентай бөлшектерді тоғыстырмақшы болады, соның салдарынан «қозғалыс» эффекті туындайды.

Ми таңғажайып түрде толық емес деректердегі бостықтарды толықтырып, шаблондарды таба алады. Сонымен қоса осындай «мүмкін емес» суреттерді қабылдай алады. Фоннан пілдің аяғын бөлу өте қиын.

Кубтың қырларында қанша түрлі түс бар? Егер сіз жеті түсті тапсаңыз (ақ, сары, көк, қызыл, жасыл, қоңыр және қызғылт сары) онда сіз көптеген адамдар сияқты қателестіңіз. Негізінде ол жерде тек алты түс бар. Үстіңгі қырдың ортасындағы бөлшегінің (қоңыр болып көрініп тұрған) түсі, алдыңғы қырдың ортасындағы бөлшегінің (қызғылт сары болып көрініп тұрған) түсімен бірдей. Сену мүмкін емес, алайда екі тесігі бар қағаз арқылы немесе фотошоп арқылы тексеруіңізге болады.

Екі үстелдің қайсы ұзынырақ деп ойлайсыз? Мүмкін олардың ұзындықтары бірдей шығар? Өлшеп көріңіз таң қаласыз.

Кубты көріп тұрсыз ба? Олай болса, ол жерде куб жоқ. Кейде біздің миымыз таныс пішін табуда, суретке мағына бермекші болған кездерінде шамадан тыс кетеді. Миымыз түс және текстура өзгермеген жерлерге қабырғаларды қосады.

Сіздің ойыңызша қызғылт сары шеңберлердің қайсы үлкен? Оң жақтағы үлкен болып көрінгенімен екеуі бірдей. Әдетте миымыз заттардың өлшемін салыстырғанда, оларға дейінгі қашықтықты анықтағанда шатаспайды. Бірақ миды алдауға болады.

Торға ұзақ қарасаңыз, квадраттардың бұрыштарында сұр шеңберлердің пайда болғанын байқайсыз. Бірақ оларға назар аударсаңыз олар жоқ болады. Бұл перифериялық көру. Осылайша, сурет арқылы ынталандыру кезінде сигнал шығаратын нейрондар, басқа нейрондардың сигналдарын кептейді.

Фон және ортаға байланысты түсті қабылдаудың бұзылуына тағы бір мысал. Суреттегі қызыл және қызғылт пиксельді сызықтар негізінде қызыл реңкті пиксельдерден тұрады.

Назар аудар:

Эрик Йоханссон оптикалық көз бояушылық суреттері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Дарина

Қызық екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар