Білім беру ұйымдарында санитариялық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.
«Күн өткен сайын көп өңірлер «қызыл» аймақтан шығып жатыр. Қазірдің өзінде «сары» аймақта 5 өңір, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан Жамбыл және Қызылорда облыстары тұр. Сонымен қатар, Түркістан облысы «жасыл« аймақта. Қазіргі басты міндетіміз — қызыл аймақтағы өңірлерде вирус жұқтыру деңгейінің орнықты төмендеуіне қол жеткізу», — деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысы ол үшін эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылауда ұстау қажеттігін, әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарында жұмысты күшейту керектігін баса айтты.
«Жаңа оқу жылының басталғанын ескерсек, білім беру ұйымдарында санитариялық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстаңыздар», — деді Премьер-Министр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі