Қазақ тілі сабағында
Мұғалім:
— Шылау дегеніміз не?
Оқушы:
— Үйдің бұрыштарында кездесетін өрмекшінің ұясын «Шылау» деп атаймыз.
Геометрия сабағында
Мұғалім:
— Дарханов, шеңбер дегеніміз не?
Оқушы:
— Шеңбер дегеніміз дөңгелек.
Мұғалім:
— Ал, дөңгелек дегеніміз не?
Оқушы:
— Дөңгелек дегеніміз шеңбер.
Екі алар едім
— Мама, бүгін маған апайымыз сабақта тыныш отырмағаным үшін 3 қойып берді.
— Оның несіне қуанасың, балам?
— Мама, егер менен апайым үйге берілген тапсырманы сұрағанда 2 алар едім.
Ант ету
— Мама, мен достарыма «мұнан былай сабақты жаман оқимын» деп ант еттім.
— Мұның сұмдық қой. Неге «жақсы оқимын» деп ант етпедің?
— Сіз түкке де түсінбейсіз, мама! Егер мен «Жақсы оқимын» дер болсам, миым ашып жүрер еді.
— Ал, енді кітап бетіне де қарамай бейқам жүретін болдым.
Жауабын тапты
— Секемов, сен неге күнделік арнамағансың?
— Ағай, ата-анам күнделігімді тексеріп қарағанда, нашар бағаларды көріп шошымасын дегенім ғой.
Сақтану
— Білім нәрімен сусындамасаң, оқып-шоқып, білгеніңді зердеңе тоқымасаң, мектепке не үшін келесің?
— «Сабаққа неге келмедің?» деп сынып жетекшім ұрса ма деп қорқам.
Әдебиет сабағында
Мұғалім:
— Аманжолов, үйге қандай тапсырма берілді?
Оқушы:
— Ағай, бұл қай сабақ?
Таңданыс
Төрт жасар Мұраттың нағашы апасы қойларды өріске шығарып, қозыларын қорада алып қалатын. Соны байқаған немересі бірде:
— Апа, қозылар балабақшаға барудың орнына, қойлар барады екен, а! — деді таңданып.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі