Қу құлқынды құрғатпайтын — өзіміз. Сондықтан: Таңертең ірің басқан көзіңді тырналап ашпастан бұрын, ішінде есектің миындай миы жоқ зілбатпан басыңды құсықтың исі сіңген жастықтан көтермей тұрып, пахмельді қайдан табатыныңды жоспарлап ал.
Өлген қойдыкіндей алайған көзіңді сексеуілдей тарбиған саусақтарыңмен уқалап, тілім-тілімі шығып, кезерген ерніңді тіліңмен жібіткен соң, «жүргенге жүз грамм ілігеді» деген қағиданы қауашағыңда ұстап, базар-вокзалды адақта.
Рәпет-келбеті, бет-жүзі, морда-облицовкалары таныс адамдардың барлығынан амандықтан бұрын, жүз теңге болмаса да, жүз грамға жететіндей қайыр (налог десең де болады) сұра.
Арақ-шарап ішіп отырған кез келген топқа барып: «бауырым, қазақпыз ғой» деп ұлтжандылығыңды білдіріп, көкірегіңді ұр.
Маскүнемнің — ұлы, арақтың — құлы, спирттің — үмбеті екеніңді, әсте ұмытпа.
Шақырған жерден де, шақырмаған жерден де (соңғысы сенімділеу) қалма. Сонан соң, таяу арада той-томалақ жасайтын отбасылардың тізімін түзіп, тауықтың миындай (егер ол болса) миыңа кодтап, дер кезінде рейд жасап, сүзіп шық.
Арақ жоқ жерден алты қадам ары жүр.
Айың оңынан туып, жарып қалған күндері бөтелкелес бауырларыңды есіркеп, мүсіркеп қой. Түбі қайтарымы болады.
Қызыл шәпкіліні көргенде он жерден мас болсаң да қашпа. Алқаштық абыройың түседі. Олар қалтасында көк тиыны жоқ сені керек те етпейді. Қайта олар сенен қашсын!
Араққа «тойып» алған күндері өшіп қалмай тұрып, қоғамды түлету, реформаларды жүргізу, Үкіметті басқару жайлы «тың идея», «құнды пікір», «лекцияларыңды» көлденең өткен көк аттының бәріне айтып, жарнама жаса. Олар сенің «данышпан» екеніңді мойындасын.
Жалғасын басың жазылған күні тауып алып оқырсың.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі