Жүсіпбек Аймауытұлы (1889-1931) Павлодар облысының Баянауыл ауданында өмірге келді. Әкесі Аймауыт, атасы Дәндебай шаруа адамдары еді. Жүсіпбек өзі сауатты, жан-жақты өнер иесі болған. Керекудегі екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде, Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқыған.
Жүсіпбек қоғамдық, ұлттық мәселелерге белсене араласып, 1917-1919 жылдары «Алаш» партиясының мүшесі болған.
Ж. Аймауытұлының шығармашылығы әр алуандығымен назар аудартады. «Сарыарқаның сәлемі», «Ғаскер өлеңі», «Ұран», «Нұр күйі» атты өлеңдері ұлттық сипатымен және көркемдік өрнектерімен ерекшеленеді. «Әнші», «Елес», «Жол үстінде» және т.б. прозалық еңбектерінде қазақ халқының өмірі мен салт-дәстүрі, тарихы мен адамның қилы тағдырлары көркем, қызықты баяндалады.
Жүсіпбек — аударма өнеріне де үлкен үлес қосқан атақты жазушы. Оның шығармашылығынан өмір-тұрмыс сырлары, адам орны мен еңбегі, ұлт пен ұрпақ болашағы кең көлемде көрініс табады.
Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):
Жүсіпбек Аймауытұлының туындылары
Жүсіпбек Аймауытұлының өлеңдері
Жүсіпбек Аймауытұлының нақыл сөздері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі