Франция баспасөзі – Францияда газет шығару ісі 17 ғасырда пайда болып, 1604 жылы алғашқы газет «Газет Француаз» жарық көрді. Әлемдегі ең алғашқы журнал «Журнал де саван» деген атпен 1665 жылы Францияда дүниеге келген.
1631 жылы Теофраст Ренодо негізін салған «Газет» апталық газеті ақпараттарының жан –жақтылығымен, әдеби деңгейінің жоғарылығымен, ұзақ уақыт үзбей шығып тұрғандығымен ерекшеленеді. Соның ізінше, 1672 жылы жарық көрген «Меркюр галан» журналындағы тақырыптардың жан – жақтылығы, формаларының әртүрлілігі, кейбір жанрлардың ұшырасып қалуы - қазіргі журналдарға ұқсайды. Франция баспасөз тарихындағы алғашқы жекеменшік журнал Пьер де Шамблен де Маривоның иелігінде «Спектатэр ырансэ» деген атпен дүниге келген. Ал алғашқы күнделікті газет «Журнал де Пари» жарық көрген тұста, Парижде 27 газет шығып тұрған.
Қазіргі таңда Францияда 100-ға жуық апталық басылымдар шығып тұрады.Танымал басылымдары «Пари матч», «Фамм Актюэль», «Элль», «Мари Франс», «Экспресс», «Пуэн», «Нувель обсерватер», «Телесет жур». Сондай-ақ «Фигаро», «Паризьен», «Монд», «Франс-СУАР», «Либерасьон» секілді ұлттық газеттер шығып тұрады. Олардың ішіндегі ең беделдісі және танымалы 797 мың данамен таралатын «Уэст-Франс» газеті. Балаларға арналған әйгілі Франция журналы «Пиф» комикстер журналы болып табылады. Ол 1969-1993 жылдары және 2004-2008 жылдары аралығында шығып тұрды.
Бүгінгі француз журналистикасында ашықтық, еркіндік сезіледі. Бұл мемлекетте журналистерге айрықша құқық берілген. Журналист пен шенеунік соттасқан жағдайда журналистің жеңу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан да, журналистер қателесуден қорықпайды. Ашықтық дегенімізге тоқталып өтер болсақ. Мәселен, біздің мемлекетіміздің парламентте талқыланған жиындардың кейбіріне ешқандай журналистер шақырылмаса, Францияда керісінше, басы – қасында журналистер жүреді. Кез келген қоғамдық шараларға атсалыса алады. Бұл мемлекет баспасөзінде «Цензура жоқ» деуге де болады. Әлемдік рейтинг бойынша бұл мемлекет цензурасыз мемлекеттердің қатарына кіреді. Журналистиканың салалық түрлері өте жақсы дамыған. Сары басылымдардың үлес салмағы өте жоғары. Сенсациялық жаңалықтарға жаны құмар. Бұл елдің баспасөзінің тағы бір ерекшелігі – кез келген жаңалықты сарказм арқылы жеткізу, әжуә ету. Оған дәлел Қазақстанға келген Францияның үкімет басшысына жапқан шапанды келеке ету, тағы сол сияқты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Журналистика факультетінің 2 курс студенті Мейрбек Баян Мұратбекқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі