Қазақбай балуан XX ғасырдың бас кезінде Алтай аймағында өмір сүрген. Оның «қажы» атануы жөнінде қызық әңгіме бар.
1900 жылдары жетпістен асқан Шәукебай қажылыққа бармақшы болады. Халық Шәукеге «жасыңыз болса келіп қалды, сонау Меккеге қалай жетесіз?» дегенде, «жанымда Қазақбай жүрсе, еш қауіп-қатер жоқ» деп жауап беріпті. Сөйтіп, жиырма шақты адам қажылыққа аттанады. Қазақбайдың ол кезде он алтыға толып, ел арасында танылған кезі. Көшке ілесе алмай қалған түйені мойнына салып көтеріп, жылқының кісендерін бытырлатып үзгені, тағаларды алақанға салып, бір қысқанда сындырғаны дүйім елге тарап үлгерген болатын.
Қажылыққа баратындар керуенге ілесіп сан алуан елдерді, сусыз шөлдерді басып, қиыншылықпен жетеді екен. Жолшыбай керуенбасы: «Жақын арада суық суы, саялы ағаштары бар бұлаққа жетеміз. Сол арадан тынығатын жер таңдаңдар», — дейді.
Біраздан соң сары кұмның арасынан жап-жасыл кілемдей ағаштың басы мұнартып көрінеді. Қазақбай жүгіріп барып, бұлаққа жақын шынар ағашының астына алашасын жаяды да, кері кетеді. Адамдарын ертіп келсе, жаңағы жерге отыз шақты адам үлкен қалы кілем төсеп отырып алыпты. «Бұл біздің орын еді, мен белгілеп, алашамды жайып кеткем» деген Қазақбайға әлгілер «өй, Самарқанның сары кілемі тұрғанда, қазақтың алашасына не жоқ?!» деп орындарынан қозғалмайды. Ашуланған Қазақбай кілемнің шетінен қос қолдап ұстап сілкігенде, әлгі отыз шақты адам үйме-жүйме болып бірінің үстіне бірі құлап, ойран-топыры шығыпты. Кілемдерін алуға мұршалары да келмей қаша жөнеліпті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі