Нәйлә Оразғұлқызы Базанова (1911-1993) — қазақ әйелдерінің арасынан шыққан тұңғыш биология ғылымдарының докторы, профессор, физиолог, академик. Ол Бішкек (Фрунзе) қаласында дүниеге келген. Негізгі еңбектері ірі қара малдың ас қорыту ерекшеліктері және жас төлдің бітім-болмысы мен өсіп-жетілуін анықтауға арналды. Қышқылды ашытқыны, жүгері не басқа дақылдарды сүрлемге (қыстық азық) пайдаланса, оның құнарлылығы жақсы сақталып, қоректігі артатынын көрсетті. Осы арқылы тайыншалар тез қоңданып, мал сүті мол әрі майлылығы жақсаратынын, сондай-ақ тауық пен үйректің көп жұмыртқа беретінін дәлелдеді. Нәтижесінде сүрлем мал шаруашылығында кеңінен қолдануға ұйғарылды. Ғалымның қаламынан ауыл шаруашылығын дамытуға арналған оқулықтар жарық көрген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі