Өлең, жыр, ақындар

Орман жәндіктері

Бұзаубас — қара шегірткеге жақын, ұзын мұртшалы тікқанатты жәндіктер қатарына жатады. Бұл ірі жәндіктің алдыңғы аяқтары жақсы жетілген, қазуға жақсы бейімделген, сондықтан латынша аты “шегіртке-көртышқан” деп аталады. Денесі қоңыр түсті, ұзындығы 3,5-5 см, денесі қалың ұсақ жылтыраған түктерінің арқасында жібек тәрізді жылтырайды. Ылғалды топырақтарда, көбіне өзен аңғарларында тіршілік етеді. Өсімдіктің тамырларымен, жауын құрттарымен және жәндіктер дернәсілдерімен қоректенеді. Көбею кезінде жабайы және мәдени өсімдіктердің тамырында 5-10 см тереңдікте шар тәрізді ұя жасайды (жататын бөлмесі). Жаз ортасында бір жатын бөлмесінде 600 жұмыртқалары немесе дернәсілдері болады. Мәдени өсімдіктердің тамырларын зақымдап, бау-бақшаларға зиянын тигізеді.

Сүген қоңызы немесе қаяз (отын кесетін) қоңыздар тұқымдасына жатады. Өз денесінен бірнеше есе ұзын көпбунақтардан тұратын мұрттары болады. Олардың аталуы көбінесе мекендейтін (қарағай, көктерек) ортасына байланысты болады. Қоңыздың көбі ағаштардың бір түрінде мекендейді. Ұрғашылары жұмыртқаларын ағаш қабығының жарықтарына салады, кейін олардан дернәсілдер (личинка) дамып жетіледі. Күшті кеміргіш ауыз аппараттары бар жұмсақ дернәсілдер ағаш сүрегінде бір ғана жыл тіршілік етпейді, олар ағаштарды кеміріп, өсіп тұрған ағашты ғана емес, сонымен қатар зақымданған ағаштардан жасалған жабдықтарды және ағаш құрылыстарын толық жарамсыздандырады.

Жауын кұрты немесе шылаушын — буылтық құрттар типінің өкілі. 200-дей жақын түрдің жалпы аты, бірақ осылай аталатын жеке түр де бар. Ірі құрт, ұзындығы 30 см, жуандығы 1 см екі метр тереңдікке дейін жер қазып, інде тіршілік етеді. Жылы әрі ылғалды ауа райында құйрығымен інге жабысып, сыртқа шығады, қауіп төнсе, ішке кіріп кете қояды. Жартылай шіріген шөп, түскен жапырақтарды топырақпен қосып қоректенеді. Құрттың ішегінде осының бәрі араласып, осы қалдықтың бәрі құнарлы қарашірікке айналады. Әрбір құрт тәулігіне ішегінен өз денесінің салмағына сәйкес топырақты өткізеді. Жауын құрты жер бетінің көптеген жерлерінде негізгі топырақ түзуші омыртқасыз болып табылады. Жауыннан кейін жер бетінде көп кездесетін болғандықтан, “жауын құрты” деп аталады.

Оқуға кеңес береміз:

Жәндіктер

Инеліктер

Гессен шыбыны

Көбелектер жайлы бірнеше дерек

Жұлдызқұрттардың сұлу көрінісі

Масаларға қарсы 10 иіс


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз