Эволюция дегеніміз белгілі бір уақыт аралығында өтетін үрдіс, сондықтан ондағы ең өзекті сұрақ сол уақытқа анықтама бере білу болып саналады. Эволюциялық уақытты анықтау, яғни геологиялық дәуірді анықтау дегенді білдіреді, оған палеонтологиялық қазбалар жатады. Сондықтан эволюцияның жолдарын түсіну үшін, тіршіліктің дамуының басты сатысын білуіміз керек. Оны анықтау үшін геологиялық уақыттың межесін, яғни организмдердің қазба қалдықтарын зерттеу және радиоактивті изотоптарды (радиомәлімет әдісі) пайдалану, сонымен бірге геологиялық мәліметтерді, биогеография, жүйелімнің және басқа ғылымдардың мәліметтерін пайдалану арқылы біледі. Осы меже арқылы белгілі уақыт аралығында жердегі фауна мен флораның өзгеруін анықтауға болады.
Жердің даму тарихы өте ұзақ замандардан тұрады, оның өзі кезеңдерден, ал ол болса, дәуірлерден тұрады. Кейде бұл дәуірлер ғасырларға бөледі. Оған замандар — катархей, архей, протерозой, палеозой (балық және қосмекенділердің жасы), мезозой (бауырымен жорғалаушылардың жасы) және кайнозой (сүтқоректілердің жасы) жатады.
Бір дәуірдің аяқталуы мен келесісінің басталуы Жер тарихында үлкен өзгерістерге толы болды, құрлық пен теңіздің ауқымының арақатынасы өзгеріп, тау жыныстары пайда болды, ауа райы да өзгереді. Жер бедерінің өзгеруі кезінде олардың фаунасы мен флорасы да өзгеріп, биогеоценозының құрылымы түзілді.
Тіршілік катархея мен архейдің шекарасында 3,5 млрд жыл бұрын пайда болды және оның ұзақтығы 2 млрд. жыл. Бұл заман жанартаулардың жиі атқылап тұрған кезі. Архей тау жынысынан графит және таза көмір сутектің кездесуі сол заманда қарапайым өсімдіктер және жануарлардың (соның ішінде архебактерия мен цианобактериялар) тіршілік еткендігін көрсетеді.
Протерозой заманында жиі-жиі жаңбыр жауды, сонымен бірге Жер бетінде бірнеше мұздықтар пайда болды, жанартаулар да жиі-жиі атқылады. Сол заманның қазба қалдықтарынан медузалардың, саңырауқұлақтардың, балдырлардың, иықаяқтылардың, буынаяқтылардың (шаяндардың) қалдықтарының табылуы, ол заманда микроорганизмдер, жай су қарапайымдары және омыртқасыздар тіршілік еткендігін аңғартады. Алғашқы микроорганизмдер анаэробтар болды.
Құрлықта тіршілік ететіндер әлі пайда бола қойған жоқ, бірақ осы кездері ядросы айқын емес организмдер ядросы айқын және бір клеткалар көп клеткалыққа ауысуы ерекше орын алды, сөйтіп тіршіліктің дамуында ірі өзеріс болып, геологиялық жағдайлар негізгі рөл атқарды. Палеозой заманында өсімдіктердің негізгі топтары мен жануарлардың барлық типтері және кластары (құстар мен сүтқоректілерден басқасы) пайда болды. Сол заманда өсімдіктер мен жануарлар құрлықты жаулап алды.
Яғни алғашқы кембрий кезеңінде тіршілік тек суда ғана болды. Теңіз суында бір клеткалы және көп клеткалы балдырлар, қарапайым шаянтектестер және өрмекшітектестер, мысалы, қылышқұйрықтылар, теңіздің түбінде губкалар, маржандар, тікенектерілер, бауыраяқтылар және қос жақтаулы моллюскалар кең таралды. Иықаяқтылар (тұрақты бір жерде мекендейтін қос жақтаулы моллюскалар) және трилобиттер (қарапайым буынаяқтылар) өте көп болды. Осы кезеңде хордалылардан басқа теңіз жануарлары да таралды. Материктерде әлі де тіршілік пайда бола қойған жоқ болатын.
Ордовик кезеңінде кембрийде басталған материктер су астына кете бастады. Ауа райы жылынды. Құрлықта өсімдіктер тарала бастады. Тұщы суда алып сары шаяндар кездесті. Суда алғашқы омыртқалылар пайда болды. Соның ішінде, тұщы суда сауыттылар кездесті, яғни олар жүзбе қанаттары жоқ қарапайым жақсыз балықтардың өкілдері еді.
Силур кезеңінде құрлықта өсімдіктер таралуы жалғаса түсті. Алғашқы өсімдіктерге-шөптесін псилофиттер (плаун, қырықбуын) және ағаштектес папоротниктерге ұқсас ликопсидтер жатады. Омыртқасыздардың барлық топтары кездесті. Құрлықты жануарлар (өрмекшітектестер) мекен ете бастады. Ауамен тыныс алатын алғашқы жануарлар пайда болды.
Девон кезеңінде құрлық жерлер көбейе түсіп, теңіздердің ауқымы азая түсті. Ауа райы қоңыржай болды. Құрлықта қарапайым ашық тұқымдылардың өкілдері (дәнді папоротниктер), алғашқы алып папоротниктер, қырықбуындардан және плаундар тұратын ормандар пайда болды, алғаш жапырақты ағаштар кездесетін. Тұщы суларда алғаш кәдімгі акулалар жүзіп жүрді. Сүйекті балықтардың арғы ата тектерінен қос тынысты саусақ және сәуле қанатты балықтар шықты. Сәуле қанаттылар кезеңнің соңында сүйекті балықтардың шығуына негіз болды, ал саусақ қанатты балықтардың құрлық омыртқаларының бастамасы болды.
Тас көмір кезеңінде (карбон) құрлық шамалы ғана көбейді және ауа райы жылына бастады. Батпақты ормандар да негізінен қарапайым папоротниктерден, дәнді папоротниктер (алғашқы дәндер пайда болды) және жалпақ жапырақты өсімдіктер басым орын алды және олар таскөмір шоғырларын түзуге қатысты. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың саны көп болды және кеңінен таралды. Алғашқы жәндіктер (инелік пен тарақандардың арғы тектері) кездесе бастады.
Заманның пермь кезеңінде жер бедерлері және ауа райы өзгерді. Құрлық жер көбейе түскен сайын ауа райы суыта бастады. Папоротниктектес өсімдіктер жойыла бастады, олардың орнына ашық тұқымды өсімдіктер көбейе түсті. Бұл кезеңде цикадофитті және қылқан жапырақты өсімдіктер басым болды. Құрлықта бауырымен жорғалаушылар (поликозавр және терапсидтер) кеңінен таралды. Теңіз омыртқасыздарының түрлерінің 80%-ы жойылды, бірақ теңізде сүйекті балықтар мен басаяқты молюскалар көбейе түсті. Бауырымен жорғалаушылар (шөп қоректі және жыртқыш) дамып жетіле түсті, олардың ішінде диназаврлардың саны көп болып, құсжамбасты (шөпқоректі) және кесірткежамбасты (жыртқыштар) болып бөліне бастады.
Мезозой заманында құрлық жерлер көбейе түсі, ауа райы да құрғақ бола бастады. Бұл заманда әртүрлі бауырымен жорғалаушылар жойылып, бауырымен жорғалаушылярдың жаңа түрлері пайда болды. Мезозойды көбіне, бауырымен жорғалаушылардың заманы дейді. Осы заманның триас кезеңінде дәнді папоротниктер, цикадтар және қылқан жапырақты өсімдіктер басым болып кең таралды. Теңізде саусақ қанатты балықтар және басаяқты молюскалардың саны көбейіп кеңінен таралды. Осы заманның юра кезеңінде жабық тұқымды өсімдіктер (гүлді өсімдіктер), ежелгі қүстар, бауырымен жорғалаушылардың (ихтиозавр, плезиозавр) түрі де, теңіздердегі саны да, өзі де көбейе түсті. Осы кезеңде сүтқоректілердің төрт отряды пайда болды, олар жұмыртқа салатын сүтқоректілерге жатады.
Осы заманның бор кезеңінде жабық тұқымдылар (магнолия, пальмалар, үйеңкілер, емендер және б.) кең таралды. Алғашқы гүлді өсімдіктер гүлдеді. Осы кезеңде қазіргі саусақ қанатты балықтардың өкілдері пайда болды және бауырымен жорғалаушылар жойыла бастады. Динозаврлар біржола жойылды. Үлкен бауырымен жорғалаушылар (қолтырауындар, тасбақалар, гаттериялар) экватор белдеуіне жақын жерлерде ғана сақталды. Алғаш рет жыландар мен құстар пайда болды. Сүтқоректілер кең таралып, тірі туатын (қалталылар) түрлері пайда болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі