«Алаш ісі» — Кеңес үкіметінің Алаш қозғалысына қатысушыларды жазалауға бағытталған ісі.
Кеңес үкіметі 1928 жылдан бастап Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіне мүше болған жэне оларды жақтағандарды жаппай тұтқынға алды. Оларға Кеңес үкіметіне қарсы күрес жүргізді, шетелдіктермен байланыста болды, т.б. көптеген жалған айыптар тағылып, тергеу ісі жүргізілді.
1930 жылы 4 сәуірдегі ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үкімімен 35 адамға әр түрлі жаза кесілді. Атап айтқанда: А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Есполов, Х.Габбасов, Д.Әділов, Ж.Аймауытов, Г.Бірімжанов, Ә.Байділдин, А.Дулатов, Т.Есмағанбетов, т.б. ату жазасына бұйырылып, ол үкім кейін 10 жыл мерзімге жазалау лагерінде отырумен алмастырылды. Өзгелері солтүстік өлкеге жер аударылды және жазалау лагерьлеріне жіберілді.
1932 жылы 20 сәуірде ОГПУ үштігінің (ЮГПУ үштігі - ОГПУ-дің үш мүшесінен (үш адам бірігіп) құралған мемлекеттік құрылым) үкімімен Мұхамеджан Тынышбаев бастаған Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі жазаланды. Олардың қатарынан Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Жақып Ақбаев, Қошмұхамед (Қошке) Кемеңгеров, Ахмет Тұнғаншин, Кәрім Тоқтабаев, т.б. бес жыл мерзімге Ресейдің Воронеж облысына жер аударылды.
1930 және 1932 жылдардағы ОГПУ-дің осы екі үкімімен сотталып кеткендерден М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Д.Әділов, Ә.Байділдин, А.Дулатов, К.Тоқтабаев елге қайтып оралмады. Ал қайтып оралғандары 1937-38 жылдары «халық жауы» деген жалған айыппен түгелге жуық атылды.
Алаш қайраткерлерінің барлығы да жоғары білімді зиялылар еді. Олар Санкт-Петербургтің, Мәскеудің, Қазанның, Томскінің, т.б. қалалардың жоғары оқу орындарын заңгер, экономист, дәрігер, математика, тау-кен және темір жол инженерлері, т.б. мамандықтар бойынша бітірген. Сонымен қатар олардың басым көпшілігі өз мамандықтары бойынша жұмыс атқара жүріп, ғылыми-шығармашылық қызметпен де айналысқан.
Бүкіл мағыналы өмірін халқының тәуелсіздік алып, егеменді ел болуына арнаған аяулы азаматтар соңғы демі біткенше сол жолда ғұмырларын сарп етті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі