«Көлсай көлдері» ұлттық саябағы Алматы облысының Райымбек және Талғар аудандарында орналасқан. Саябақ 2007 жылы ұйымдастырылған. Аумағы — 161,04 мың гектар, шығыстан батысқа қарай 98 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 23 шақырымға созылған аумағының 22%-ын орман алқаптары құрайды. Саябақты ұйымдастырудың негізгі мақсаты — Алматы облысының биік таулы алқабы мен Көлсай көлінің табиғи байлықтарын сақтап қалу және қорғау.
Саябақтың құрамына Жалаңаш, Көкбастау ауылының оңтүстігіндегі таулы алқаптар, Көкжазық, Сарнауа, Ақбұлақ, Үшкүл, Қырқобы, Жаманбұлақ, Көлсай өңірі, Талды жайлауы және Шелек өзенінің бастауы кіреді. Саябақ аумағындағы Қайыңды көлі көрікті табиғатымен көз тартады және оның суының шипалық қасиеті бар екендігі елге мәлім.
Саябақ аумағында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 710-ға жуык түрі өседі. Оның 12 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» кіреді. Олар күнгей қауы, жылтыр жанаргүл, Тянь-Шань жанаргүлі, Семенов кортузасы, т.б. Негізгі қорғалатын нысан — Шренк шыршасы. Бұл ағашты сымбаттылығына қарап «Қызқарағай» деп атайды.
Саябақ жануарлар дүниесіне де бай. 1968 жылы бахтах балығы жерсіндірілген. Бауырымен жорғалаушылардан: Алтай жалаңаш көзі, әр түсті жылан, қалқантұмсық жылан, т.б. кездеседі. Құстардың 200-ге жуық түрі саябақ аумағында ұя салып, балапан өргізеді. Олардың ішінде сирек кездесетін түрлері — көк кұс, құмай, орақтұмсық, ұлар, т.б. Сүтқоректілердің 30-ға жуық түрі мекендейді. Сирек кездесетін түрлері — барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, аркар, сілеусін, сабаншы, т.б. Саябақтың туризмді дамытудағы маңызы зор.
Оқуға кеңес береміз:
Қазақстанның тоғайлы ормандары
Қазақстанның таңғажайып жерлері
Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі