Өлең, жыр, ақындар

Арманға айналған ҚазҰУ

Әр адам бала кезінде білімді маман болуды армандайды. Толыктай болашағын өзі қалаған мамандықпен байланыстыра өседі. Менің де бала кезден арманым болған, өмірімді елестеде алған мамандық­-журналис болу еді.

Бала кездегі арманның қазіргі күнде орындалатындығын кім білген?! Нар-тәуекел деп, Қазақ Ұлттық Университетінде тапсыруға шешім қабылдадым. Сол сәттегі өзімнің таңдауыма өкінбеймін, керсінше үнемі қуанатынмын.Осылайша талай түлектін арманына айналған ҚазҰУ-не оқуға мүмкіндігім бұйырған болатын. Аллаға шүкір қазір журналистика факулкеті баспа ісі мамандығының 2-курс студентімін  . Шынында да, арман боларлықтай атына заты сай әсем қалашық менің жүрегімді бірден жаулап алды. Өз білімі мен дарынына сенетін көңілді де ізденімпаз жастардың ордасы екені көзге көрініп-ақ тұр, мен өзімнің осы күннен бастап жаңа өмірге араласа бастағанымды сезіндім. Осылайша менің студенттік өмірім басталып та кетті.

Баспа ісі мамандығы негізінен кітап, газет-журналдардың шығуы жөнінде оқытады, редакторлық қызметтің қыр-сырын үйретеді. Тележурналистика, радиожурналистика пәндері де бір семестр оқытылады. Сонымен бірге бұл мамандықты бітіріп шыққан студент дипломына «Өнер бакалавры» деп жазылады, қабілетіне қарай мектеп, баспа, телевизия, радио, театр қызметіне де жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы журналистер дайындайтын оқу орны болып табылады. Ол 1934 жылы ең алғашқылардың бірі болып құрылған, сонымен қатар ТМД елдері бойынша ең ірі факультеттердің бірі. Журналистика факультетінде қазіргі таңда 3 кафедра: баспа ісі және дизайн, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс, Мерзімді баспасөз, электронды БАҚ және интернет-журналистика кафедралары жұмыс жасайды. Ғасырға жуық тарихы бар бұл шаһардаю біздің қаншама біліді, талантты ақын жазушылар оқып, сабақ берген. ҚазҰУ кішігірім армандар қалашығы, дарындылар мекені! 180 сала бойынша сауатты мамандар дайындайды.

Журналистика факультетіне түсу үшін ең алдымен кітапты көп оқу керек. Қазақтың оралымды да ырғақты, бай да көркем тілін кез келген сәтте еркін қолданып, шұрайлы жазба жаза білуге тиіссіз. Сіздің сыртқы келбетіңіз қаншалықты көркем болса да, сөйлеу мәнеріңіз бен дауыс ырғағыңыз қаншалықты жағымды болса да, мәтін жаза алмайтын болсаңыз, басқа журналистерден төмен тұрасыз. Жақсы жаза алатын журналист қана жоғары бағаланады. Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. XVI ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді көрсетеді. Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті.

Бұл менің университетімді асыра мақтағаным емес, бұның барлығы шынайылықпен, махаббатпен жазылған шынайы дүние. Менің осы университетте алған білімім кейінгі болашақтағы орнымды ойып тұрып табуға, биік шыңға жетелейтініне үлкен сеніммен қараймын. Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін!», – демекші арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастардың отаны – Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

Алхан Расул


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз