Өлең, жыр, ақындар

Майлықожа шығармаларының маңызы қандай?

Майлықожа Сұлтанқожаұлы өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін өте маңызды өсиеттер қалдырған.Жастайынан жетімдікті көріп өскен Майлықожа қайғыға бой алдырмай,бас көтеріп,күнкөріс қамын жасайды.Қиындығы көп заманның ауыр азабын Алладан келген сынақ деп қабылдаған ол өнер жолында түсу арқылы халыққа танылады.Майлықожа терме,рухани жырларын халыққа қызықты,тартымды,мағыналы әрі түсінікті тілді жеткізе білген.Оның шығармаларынан тәлім-тәрбиенің алтын діңгегі «жылы жүректі болу» деген ұстанымды байқаймыз.

Оның шығармашылығы терме толғаулар,дастандар,арнаулар,хикаят,нақылдардан тұратын дүниетанымдық негіздерге құнды еңбек деп танимыз.Майлықожан ислам дінінің тарихын,философиясын терең білетіндігімен ғана емес,сонымен қатар оларды адамның күнделікті өмір-тіршілігімен шебер астастыра отырып пайымдай алатын ойшылдығымен де танылады.

Майлықожа қаламының шеберлігі сопылық мәдениеттің ұғымдарын арқау етіп,туындылары бір керемет шеберлікпен өріліп,тыңдаушының жүрегіне жол тауып отырады.Ақын сопылықтағы тәубеге келу,Хақты үздіксіз еске алу,Жаратушы Иенің рақымына үміттеніп,жазасына қорқу,нәпсіден тиылу,насихат тыңдау,иман келтіру,намаз оқу,зекет беру,қажылыққа бару,ораза ұстау,сыпайы қарым-қатынас жасау,білім үйрену,Мұхаммед пайғамбардың сүннеттерін мүлтіксіз орындау,жаман әрекеттен аулақ болуды еңбектерінде арқау етеді.

Майлықожа Сұлтанқожаұлының термелері,рухани туындылары адамгершілік,әділдік сонымен қатар имандылық тәрізді күрделі мәселелді жырлауға арналған.Бұл дүниедегі адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынас:мансап пен байлық,билік,кедейлік пен қанағатшылдық,нәпсі мен тәубешілдік,Хаққа сиыну секілді түйінді жайттар дін талабы,қарапайым тұрмыстық талаптар тұрғысынан сарапталады.

Шортанбайдың дін тақырыбындағы бес жүз жолға жуық көлемді құрайтын он бірдей шығармасы бар,атап айтқанда,»Алла соққан ғимараты ,Ақиқат жолға кірсеңіз , Алал,арам деген бар , Иман таппақ-шын дәулет өлеңдерінде Ясауидің хикметтері мен Абайдың шығармалары сияқты адамдарды бауырмалдыққа, адамгершілкке, ізгілік мұраттарына, имандылыққа,жақсы істерге шақыратын мұсылмандықтың қағидаларын, Алланы танудың жолдарын жалаң уағыздап қана қоймай, көркем, терең ойлы кескіндермен, кестелі тілмен,өнегелі оймен жеткізе білген. Өлеңдерін молдалар немесе теологтар сияқты бірыңғай діни-наныммен шектемей күнделікті тіршілікпен, адам бойындағы пендешілік қасиеттермен шебер астастыра біледі.
Алланың соққан имараты,
Өле-өлгенше шыдайды.
Адам соққан имарат,
Аз пұрсатта құлайды.
Немесе:
Бұл дүние екі жол,
Бірі оң да, бірі сол.
Бірін тұтсаң – бірі жоқ,
Дүние қысқа, ақырет мол..Мына бір өлеңінде:

Тіліме жат алайын һақтың атын,
Жөнделмес “Алла” демей айтқан гәптің.
“Алла” десең артынан “зүлжалал” деп,
Айтыңыз Пайғамдардың салауатын, –
деп халықты Ислам дініне, имандылыққа шақырғаны болды.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы барынша өзінің шығармаларымен имандылықты, діл мен дінді нығайтуды, одан қалса ата-бабадан жалғасып келетін салт-дәстүрдің сақталуын дәріптеген. Ғасырлар бойы бірге жасасып келетін дін Ислам тақырыбында өлең-дастандарды ұсынған.

Бір сөзбен айтқанда, Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары бүгінгі күнде де өзінің құндылығын,өзінің өміршеңдігін жойған емес,әлі күнге дейін халықтың ауызында айтылып бірге жасасып келе жатыр. Оның ел бірлігі мен халықтың ынтымағын ту еткен шығармалары рухани танымдық сипатқа толы өлеңдері, адамгершілік, әділеттілік, адалдық, имандылықты негіз еткен жырлары өміршең екендігі сөзсіз екендігіне көзіміз айдан анық жетеді. Бастысы, оның шығармалары адамның адамгершілік келбетін діни-рухани танымдық негізде қалыптастыруды насихаттайды.

Олжахан Шұғыла Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Дінтану мамандығының студенті.

Жетекшісі ҚазҰУ,аға оқытушысы Тунгатова Ұ.А.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар