Қажетті сілтемелер:
Сайттағы барлық мақал - мәтелдер
Оқу — білім азығы,
Білім — ырыс қазығы.
*** *** *** ***
Білім басы — бейнет, соңы — зейнет.
*** *** *** ***
Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
*** *** *** ***
Білімдіге дүние жарық.
Білімсіздің күні кәріп.
*** *** *** ***
Көзі жоқ, құлағы саудың
Ақылы толады.
Құлағы жоқ, көзі саудың
Ақылы солады.
*** *** *** ***
Өмір — үлкен мектеп.
*** *** *** ***
Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.
*** *** *** ***
Жердің сәні — егін,
Ердің сәні — білім.
*** *** *** ***
Жер — ырыстың кіндігі,
Білім — ырыстың тізгіні.
*** *** *** ***
Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.
*** *** *** ***
Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Ілім — жанып тұрған шырақ.
*** *** *** ***
Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.
*** *** *** ***
Кітап — алтын қазына.
*** *** *** ***
Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.
*** *** *** ***
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
*** *** *** ***
Көргенсіз дегенге кек тұтпа,
Көргеніңнен көрмегенің көп.
*** *** *** ***
Ғылым — теңіз, білім — қайық.
*** *** *** ***
Алтын алма, білім ал.
*** *** *** ***
Ұстаздан шәкірт озар.

Оқымаған бір бала,
Оқыса екі бала.
*** *** *** ***
Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
*** *** *** ***
Әліппенің ар жағы — білім бағы.
*** *** *** ***
Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
*** *** *** ***
Шәкіртсіз ұста — тұл.
*** *** *** ***
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
*** *** *** ***
Кітап-ғылым — тілсіз мұғалім.
*** *** *** ***
Білімі жоқ ұл — жұпары жоқ гүл.
*** *** *** ***
Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.
*** *** *** ***
Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
*** *** *** ***
Асу бермес асқар жоқ.
*** *** *** ***
Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
*** *** *** ***
Білім арзан, білу қымбат.
*** *** *** ***
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
*** *** *** ***
Жаста оқыған оқуың — тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың — мұзға жазғанмен бірдей.
*** *** *** ***
Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.
*** *** *** ***
Ақыл — тозбайтын тон,
Білім — таусылмайтын кен.
*** *** *** ***
Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.
*** *** *** ***
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.
*** *** *** ***
Ақыл — дария,
Ой — теңіз.
*** *** *** ***
Оқығанның бәрі жарық,
Оқымағанның беті шарық.
*** *** *** ***
Білек сүріндіре алмағанды,
Білім сүріндіреді.
*** *** *** ***
Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
*** *** *** ***
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
*** *** *** ***
Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.
*** *** *** ***
Күш — білімде, білім — кітапта.
*** *** *** ***
Кісінің кісілігі,
Киімінде емес,
Білімінде.
*** *** *** ***
Киіміне қарап, қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
*** *** *** ***
Білім гауһар-
Бағасы жоқ.
Надандық кесел-
Дауасы жоқ.
*** *** *** ***
Қарғыстың ең жаманы —
Өзің білме,
Білгеннің тілін алма.
*** *** *** ***
Түстік өмірің болса,
Кештік білім жи.
*** *** *** ***
Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.
Қарап көріңіз:
Қажетті сілтемелер:
Сайттағы барлық мақал - мәтелдер
Өнер-білім, тіл туралы қанатты сөздер
Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Достық, татулық туралы мақал-мәтелдер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Назарбай
Рахмет керегіме жарады
Сарма
Өте керемет ????тамаша. Маған керек мақалдар.
Айша
Білім туралы мақал-мәтелдер ұнады.
Нұрбақыт
Білімді екнініз бірден көрініп тұр жақсы мақалдар екен
Арайлым
Білім туралы ең мағыналы мақал-мәтелдер
Гүлнұр
Жаряла
Амина
Неге тек қана білім туралы???????
Амина
Неге теек білім туралыы????????
Сабыр
Амина сілтемелерді қарап көр
Нұрсұлу
Маған ұнайды
Айбар
Билим туралы 5малимет
Ақылды
Өте күшті керемет сайт
Сания
Керемет
Сания
Керемет
Кәусар
Керемет
Інжу
Маған ұнады керемет!!!
Жұлдыз
Күшті екен маған қатты ұнады.
Сая
Білім инемен құдық қазғандай деген мақал бар емеспа
Ерке
Өте күшті
Мумина Мухамеджанова
Білмейтін мақалды жаттадым оиды тереңінен түсіндіреді екен????????
Aigerim ????????????????????????
Керемет.Маған ұнады оқу туралы мақал барма.
Каусар
Пыкыр жок
Айсауле
өте күшті????
Өте жаман ????
Кдаьалаь
Біреу
Күшті екен маған қатты ұнады.
Әмина
Керемет, маған ұнады????????????
Райяна
Күшті мақал мәтелдер
Айша
Оте кушти осыдан карап отырмын бугын жарыска катысамын маган сатлик
Назым
Маған ар күні жарыс бар соған рахмет ораза қабыл болсын маған сәттілік
Улика
Білім туралы керемет мақал-мәтелдер, рахмет!!!!
А+М
Рахмет
Жансұлу
Мақалдың бүкілі осыда, рахметButr
Аянат
2026.23.пятница.январь
Аянат
Рахмет! Коп коп!!!!!!
Дони
“Білім туралы мақал‑мәтелдер” — қазақтың бай мағыналы мақал‑мәтелдерін жинақтаған керемет материал. Бұл жинақта білімнің құндылығы, еңбек пен ізденістің маңызы туралы терең ойлар қысқа әрі түсінікті тілмен берілген.
Мақал‑мәтелдер оқырманға білімнің өмірдегі рөлі мен маңызын түсіндіреді: білім — байлықтың бастауы, тәжірибе мен ақылдың қайнар көзі екені нақ әрі көркем түрде айтылады. Кітап – алтын қазына, ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла — сияқты нақыл сөздер адамды ойландыруға және білімнің бағасын түсінуге шақырады.
Осындай мақал‑мәтелдер балалар мен жастарға керемет тәрбие және өмірлік сабақ береді, сөздік қорды байытады және қазақ тілінің тілдік қазынасын көрсетеді.
❤️ Қорытынды:
Жалпы, бұл материал — білім туралы қазақ философтары мен ұлағатты ойшылдарының ұрпаққа жеткен даналық сөздері. Білімге деген көзқарасты тәрбиелеуге ұмтылатын әрбір адам үшін таптырмас ресурс. ❤️❤️❤️❤️❤️
Жаннұр
Білім туралы мақал-мәтелдер жинағын Bilim-all.kz-те оқып, қазақ халқының даналығына тағы бас идім! 'Білім басы — бейнет, соңы — зейнет', 'Білегі күшті бірді жығады, Білімі күшті мыңды жығады', 'Кітап — алтын қазына', 'Білім арзан, білу қымбат' сияқты мақалдардың әрқайсысы – өмірлік өсиет! Осындай бай жинақты жариялап, сақтап жүрген сайтқа үлкен рақмет. Оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға өте пайдалы материал – білімнің құндылығын жүрекке жеткізеді. Қазақ мақал-мәтелдері, білім туралы мақалдар іздегендерге нағыз қазына осы! Әркім оқып, ұрпаққа жеткізсін!
Раяна
«Білім туралы мақал-мәтелдер» жинағы — қазақ халық даналығының баға жетпес қазынасы. Бұл нақыл сөздер — білімнің қадір-құнын, оқу мен ізденістің маңызын қысқа әрі мәнді түрде жеткізеді. Біз үшін «Оқу — білім азығы, білім — ырыс қазығы», «Білімді бесіктен тесікке дейін ізден», «Кітап — алтын қазына» сияқты мақалдар тек сөз емес, өмірлік бағдар, өмірді тойлайтын даналық. Осындай мақал-мәтелдерді оқу арқылы жас ұрпақ ұлттық ой-санасын, еңбекқорлық пен парасаттылықты түсініп, өз өміріне қолдана алады.
Сыбыр
«Білім туралы мақал‑мәтелдер» мақаласы қазақ халқының білім мен ғылымға деген құрметі мен даналығын көркем түрде көрсетеді. Мұндай мақал‑мәтелдер қазақ тіліндегі білім туралы даналық сөздердің байлығын танытып, өмірлік тәжірибе мен тәрбиелік мәні бар нақылдарды оқырманға жеткізеді.