Сауыр мен Сайхан тауларын қақ жарып ағып жатқан өзеннің бойында құз жартас бар. Мұнда алып құс ұясының орны жатыр. Әбден сарғайып, көнеріп кеткен үлкен ағаш бұтақтарынан және шөп қалдықтарынан жиылған ұяны халық «Құмай ұясы» деп атайды. «Ұя осындай үлкен болғанда, құмайдың өзі қандай болды екен?!» деп жұрт таң қалады екен. Ел арасында осы ұя туралы мынадай аңыз бар көрінеді.
Ерте заманда Малай деген қойшы болыпты. Бір күні оны құмай деген алып құс көтеріп, қалың кұз жартастың ішіндегі балапанына әкеліп тастапты. Енді Малай балапанмен бірге құс әкеліп берген аң, мал етін жеп, күн көреді. Шыңыраудан қалай шығудың амалын ойластыра бастайды. Аң мен малдың тарамысын есіп арқан жасайды.
Күз келіп, балапан өсіп, ер жетеді. Бір күні Малай құстың екі аяғына арқанды байлайды. Өзі сол арқанға асылып жатады. Біраздан соң енесі келіп, балапанын ертіп жоғары көтеріледі. Арқанға белінен асылып жатқан Малай да бірғе ұшады. Екі құмай қатар ұшып, Сайхан тауының басына қонады. Малай болса құстың аяғындағы арқанды шешіп қала береді. Құмайлар ұшып кетеді.
Осылай бір жаз жоғалып кеткен Малай еліне оралады. Оны көрген жұрт тапқырлығына риза болады. «Малай, тасқа түсуің қалай?» деген мәтел осыдан қалған екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі