«Китаб-и тауарих-и падиша хан-и» — Сейфи Челебидің 1582 жылы түркі тілінде жазған шығармасы. Шығарма Қытай, Тибет, Қашқар, Мәуереннахр, Үндістан, Қазақ хандығы билеушілері туралы жазылған 9 тараудан тұрады. Еңбекте, негізінен, XVI ғасырда болған оқиғалар баяндалған. Көптеген елдердің саяси тарихы мен географиялық жағдайы жөнінде мағлұматтар алуға болады. Шығарманың кейбір тарауларында қазақтардың, қырғыздардың, ауғандардың сауда қатынасы, діни наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары туралы айтылады. Қазақтар мен қырғыздар жөніндегі деректер, Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі саяси оқиғалар, қазақ ханы Тәуекелдің жоңғарларға қарсы соғыстары жөніндегі мәліметтер құнды болып саналады. Шығарманы алғаш рет шығыс зерттеушісі, француз Шеферож және академик В.В. Бартольд өздерінің ғылыми еңбектерінде пайдаланған. XX ғасырдың 60-шы жылдарының соңында шығарманың неміс тіліндеғі аудармасы мен мәтіні Стамбұлда басылып шықты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі