Өлең, жыр, ақындар

Ораз Мұхаммед дастаны

Қазақ жері туралы жазылған тарихи еңбектердің бірі — «Жылнамалар жинағы». Кітап «Ораз Мұхаммед дастаны» деп те аталады. Оны XVII ғасырдың басында қазақ халқының ғұлама ғалымы, белгілі биі Қадырғали Қосымұлы Жалайыр жазған. Қадырғали Жалайыр қазақ сұлтаны Ораз Мұхаммедке қызмет етіп, онымен бірге Ресей империясына тұтқынға түскен. Кейін Ораз Мұхаммедпен бірге Ресейдегі Касимов қаласында тұрып, сонда «Жылнамалар жинағын» құрастырған. Жазбаның бас жағында орыс патшасы Борис Годуновқа мадақ, орта тұсында Рашид әд-Дин еңбегінің ықшамдалған баяны, соңында Ақ Орда ханы Орыс хан мен Ораз Мұхаммед биілігі аралығындағы тарихи оқиғалар қамтылады.

«Жылнамалар жинағы» — қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығарма. Қадырғали Жалайыр Қазақстан, Орталық Азия, Алтай, Моңғолия елдерінің тарихына қатысты мәліметтерді жинақтаған. Кітапты алғаш рет И.Березин деген кісі 1854 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. Шежіре қазақ тілінде 1989 жылы жарық көрді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз