Өлең, жыр, ақындар

Ашока

Ұлы Ашока – б.з.д. 273 жылдан 232 жылға дейін Маурия әулетін басқарған үнді императоры. Оның империясы қазірге Пәкістаннан Ауғанстанға дейін, үндінің Ассам штаты мен Керал, Тамилнадқа дейін жайылып жатты.

Ашока жас кезінде дөрекі де тілазар болған екен. Дегенмен аңшылық кәсібін жап-жақсы меңгерді. Алғыр да батыл мінезі оны есейген соң ерекше сарбазға айналдырды.

Ол жеңілген жағдайда жауымен ары қарай шайқаспауды құптаған бірден-бір император болатын.

100 мыңға жуық адам қаза тапқан Калинга шайқасы Ашоканы қатты күйзеліске ұшыратты. Осыдан кейін зорлық-зомбылықтан бас тартқан ол буддизмге ден қойды.

Ашока көптеген жерлерде ғибадатханалар мен монастырьлар салдырып, жартастар мен бағандарда бідда ілімін жазып қалдырды.

Маурия империясында барлық діндегі адамдар мен этникалық топтардың бостандыққа деген құқықтары тең болды.

Сарнатханадағы баған – Ашокадан қалған жәдігерліктерден қалған ең әйгілісі. Онда бір-біріне арқаларын беріп отырған төрт арыстанның мүсіні бейнеленген.

Ұлыбританиядан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Үндістан мемлекетінің елтаңбасына Ашокадан қалған осы төрт арыстанның бейнесі қойылды.

Ашока кейінгі өмірін Азияға буддизмді таратуға арнады. Ол мемлекетті қырық жылдай басқарды. Ашока қайтыс болғаннан кейін Маурия әулетінің билігі бар болғаны 50 жылдай ғана өмір сүрді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Мейіржан

Бұл Үндістан елін білген дұрыс .Өйткені бұл ел қызықты

Хамза

Мейіржан Салем

Сара

Жалпы елдердің тарихы қызық қой, өзіміздің сорпамызда қайнай бермей

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз