Иондаушы сәуле дозасы (радиация дозасы) дегеніміз белгілі бір ортада иондаушы сәуленің әсер ету шегі. Иондаушы сәуле дозасы төмендегіше бөледі: Жұтылған доза — сәуле алған ортаның масса бірлігі жұтқан иондаушы сәуленің кез келген түрінің энергиясы, ол халықаралық жүйе (СИ) бойынша грэймен (Гр-Дж/кг) өлшенеді; ауаның иондалуы бойынша ҚП/кг өлшенетін рентген және гамма-сәуленің экспозициялық дозасы, тірі организмге радиациялық қауіптің биологиялық әсер етуі мен дәрежесін анықтайтын және зивертпен (Зв-дж/кг) өлшенетін эквивалентті доза; бүкіл сәуле алған масса жұтқан және Гр. к. немесе Дж; өлшенетін интегралды (жиынтықты) доза; шегінде иондаушы сәуле организмде белгілі бір аурудың өзгерістерін тудырмайтын шекті мөлшерлі эквивалентті доза.
Иондаушы сәуле доза уақыт бірлігіне қатысы доза қуаты деп аталады. Дозиметрлік тәжірибеде гамма-сәуле экспозициялық дозасы үшін жүйеде жоқ бірлік — рентген («Р») қолданылады. Бұл рентген немесе гамма-сәуленің мөлшері оның әсерімен температурасы 0°С, қысымы сынап бағанасы бойынша 760 мм 1 см3 құрғақ ауада 2 млрд. жұп ион пайда болады. Эквивалентті дозаның жүйеде жоқ бірлігі, сондай-ақ бэр (рентгеннің биологиялық эквиваленті) болын табылады. Бэр — 1 «Р» гамма-сәуледегідей биологиялық эффект туғызатын кез келген сәуленің жұтылған дозасы.
Иондаушы сәуле доза сәуленің мөлшері мен алған уақытқа байланысты. Сәуле алу бір рет және бірнеше рет болады. Кұтқару жұмыстары иондаушы сәуле дозасын және қорғану режимін азаматтық қорғаныс аға бастығы белгілейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі