Корейская косметика премиум класса

Құрылысшылар күніне арналған құттықтаулар

Құрметті....! Сізді және Сіз басқарып отырған ұжымды төл мерекелеріңіз Құрылысшылар күнімен құттықтаймыз! Экономиканың жаңа серпін алып отырған маңызды саласының өкілі — құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, небір зәулім ғимараттар бой көтеруде. Сіздердің өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың, ұдайы өзгеріп отыратын нарыққа бейімделе білу қабілеттеріңіздің нәтижесінде Қазақ елінде құрылыс жанданып, халық жаңа стандарттар мен заманауи дизайнға бой үйретуде. Еліміздің ажарын ашатын, айбарын асқақтататын келісті келбетінің көркеюіне қосқан үлестеріңіз көз сүйсінтерлік. Алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеуі жолында толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз. Бойларыңызға сарқылмас күш-қуат, еңбектеріңізге таусылмас жетістік, отбасыларыңызға ортаймас бақ-ырыс тілейміз!

*** *** *** ***
 
Нұр-Сұлтан құрылысшылары мен сәулеткерлеріне
 
Бүгінде Арқа өсін айқара қамтыған Есілдің екі қанаты — ертегідегі самұрықтың кереге қанатындай көшқұлаш.

Нұр-Сұлтанның айбары да, қарымы да, қарқыны да қайта оралып ат ізін салғанша Айды аспанға шығарғандай шұғыл дамып жатыр. Елордада әрбір жаңалық әр күнгі атқан таңмен бірге жететін жақсы дәстүр қалыптасты. Жыл он екі ай айналып үлгерген деген не, бір күнде бір айға татитын жақсылық орнайды. Осы күні қызу жұмыстың ен ортасындағы сәулет саласының өкілдеріне Елорданың ажарын ашатын, айбарын асқақтататын құрылыстар мен ғимараттар көбейе берсін, талаптарыңа нұр жаусын дегіміз келеді.

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер

Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×