Өлең, жыр, ақындар

Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерін құттықтау

Құрметті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Егемен еліміздің тарихында өздеріңіз бастарыңызды бәйгеге тігіп атқарып жүрген адал қызметтеріңіздің алатын орны ерекше екені баршаға белгілі. Батырлық та, батылдық та, тапқырлық та, айлалы ақыл да Сіздердің бойларыңыздан табылады.

Ұлт мүддесі үшін күресте қажымай-талмай еңбек етіп толымды табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз! Әрдайым биіктерден көрініп, еліміздің  одан әрі өркендеп гүлденуі жолындағы жемісті жұмыстарыңыз, спорт саласындағы жеңісті күндеріңізге жалғассын! Қол жеткен асуларыңыз асқақ, шыққан биіктеріңіз баянды болсын.

Отанымыз Қазақстанның әлемнің алпауыт елдерімен иық тіресіп дамуы жолындағы адал еңбектеріңіздің жемісі мен игілігін көрулеріңізге шын жүректен тілектеспіз.

Халықтың сенімін ақтай беріңіздер! Достарыңыз сүйінсін, дұшпандарыңыз күйінсін! Табыстан табысқа жетіп, ел қорғаны деген атаққа әрдайым адал қызмет ете беріңіздер!

Кәсіби мерекелеріңізбен жүрек жарды сезіммен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, жалынды жігер, ұзақ ғұмыр, шат тұрмыс, бақ-береке тілейміз!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз