Өлең, жыр, ақындар

Су жаңа журнал жарық көрді

23-ші желтоқсанда №1 Азат орта мектебінде «Мектеп тынысы» атты мектепшілік ақпараттық журнал жарық көрді. Журналдың бас редакторы: Бану Бақытовна. Іс-шараға арнайы аудандық білім бөлімінің директоры келіп, журналдың ашылу салтанаты көркем түрде өтті. «Мектеп тынысы» журналының басты мақсаты оқырман көкейінен орын алатын мектеп қабырғасында өткізіліп жатқан қызықты іс-шаралар, тарихи танымы мол оқиғалардың куәсі болған, ұлы тұлғалармен жүргізілетін сырға толы сұхбаттар, ата-аналар, мұғалімдер мен оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік мәселелер жөніндегі, оқырманға ой салатын өткір ой-пікірлері жазылып, әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары да қарастырылады.

Дильназ Мухаммедова
Еңбекшіқазақ ауданы №1 Азат орта мектебінің 11 сынып оқушысы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз