Корейская косметика премиум класса

Алматыда ата-аналармен және мұғалімдермен кері байланыс орнату үшін call-орталықтары іске қосылады

Алматыда ата-аналармен және мұғалімдермен кері байланыс орнату үшін Білім басқармасында, аудандық білім бөлімдерінде және әрбір білім беру ұйымдарында бірнеше call-орталықтары іске қосылады, онда сұрақтарға жауап немесе кеңес алуға болады. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.

Оның айтуынша, Сall-орталықтарының телефон номерлері Білім басқармасының, аудандық білім бөлімдерінің және барлық білім беру ұйымдарының ресми сайттарында, әлеуметтік желілерде орналастырылады.

«Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, біз барлық ата-аналар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларын және санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз»,- деп атап өтті Ләззат Жылқыбаева.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

×