Өлең, жыр, ақындар

Электр шамы

Электр шамдарының тарихы XIX ғасырдың басынан бастау алады.

Петербург медицина-хирургиялық университеттің профессоры Петров1802 жылы 2 электрод өзекше арқылы қысқа уақытқа жарық шығарды. Ал 1810 жылы атақты Фарадейдің ұстазы Деви ауасыз кеңістікте көмірді электр қуаты арқылы жаға отырып электр жарығын алды. Томас Эдисонға дейін бұдан басқа да көптеген адамдар электр жарығын алуға талпынды. Барлығы дерлік ұзақ уақыт бойы жана алмады және бағасы өте қымбат тұрды. Сол себепті оларды тұрмыстық қолданысқа енгізуге мүлдем жарамсыз болды. Электр тоғы кедергісі көп сымнан өткенде үлкен мөлшерде жылу бөліне бастайды. Егер тоқ өтетін ортаның тоқ кедергісін одан сайын арттырса, жылудың көп бөлінуінен жарық пайда болады. Алайда, жылудың көп мөлшерде бөлінуі шамның ішіндегі кедергісі көп сымдарды күйдіріп жіберетін. Сол себепті Эдисон көптеген тәжірибелер жасау арқылы жылуға төзімді материал іздеді. Ақыры соңында, 10 000 рет жасалған тәжірибеден кейін ол көмірленген бамбук талшығы ең қолайлы материал екеніне көз жеткізді. Сонымен қатар, ол талшықтың жанып кетпеуі үшін шамның ішінен барлық ауаны сорып алды. Осы талшықты қолдана отырып Томас Эдисон 100 сағатқа дейін жұмыс істейтін шам үлгілерін жасай алды. Томас Эдисонның еңбегі тек шамды жасауында ғана емес, сонымен қатар оны қолданушыға ыңғайлы, қауіпсіз және қолжетімді бағада жасай алуында жатыр.

1878 жылы ол электр шамдарын жасаумен айналысатын Edison Electric Light деген компаниясын ашады. Ал 1882 жылы электргенераторлар, шамдар жасайтын Edison General Electricдеген тағы да бір компанияны ашады. Сол жылы ол Нью-Йоркте әлемдегі бірінші қосалқы электр бекетін орнатады.

Оқуға кеңес береміз:

Томас Эдисон: 19 ғасырдың талантты бизнесмені

Ананың шеберлігі

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз