Өлең, жыр, ақындар

Түркітану ғылымының қалыптасуы мен дамуы

Түркітану ғылымы жайлы әлемнің көзқарасы қандай?!

Түркітану- түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тілін, этнографиясын, тарихын, ауыз әдебиетін, мәдениетін зерттеу нәтижесінде қалыптасқан. Шығыстану ғылымының жеке саласы.
Түркітану атауы ғылыми айналымға алғаш Орхон-Енисей (Орхон жазба ескерткіштері , Енисей жазба ескерткіштері), көне ұйғыр, манихей, т.б. жазба ескерткіштердің зерттелуіне байланысты еніп, дамыған. Бұл жазбалар Орталық Азия мен өзге де аймақтарды мекен еткен ежелгі түркі тайпаларының тарихын, тілін, әдеби ескерткіштерін, рухани және материалдық мәдениетін зерттеуде аса құнды деректеме саналады. Бұдан кейін Түркітану орта ғасырдағы араб, парсы, түркі тілінде жазылған тарихи жылнамаларды, филологиялық және географиялық шығармаларды зерттеу негізінде дами түсті.

Түркітанудың пән ретінде дамуында XIX–XX ғ.ғ. зерттеле бастаған әдеби трактаттар мен филологиялық шығармалардың маңызы зор болды. Бұлардың қатарына түркі тайпалары туралы лингвистикалық, тарихи этнографиялық, фольклорлық деректерді жүйеге келтіре отырып жазылған алғашқы ғылыми еңбектер – Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» атты сөздігі,Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» атты әдеби дидактикалық шығармасы, ортағасырлық түркі халықтарының тарихынан, шығу тегінен мәліметтер берген Мұхаммед Хайдар Дулатитың «Тарихи Рашиди», Қыдырғали  (Қадырғали) Жалайыридың «Жылнамалар жинағы», Рашид әд-Диннің «Жамиғ Ат-Тауарих», т.б. шығармалары жатады. Мұның бәрі XIX ғ-дың 2-жартысы мен XX ғ-дың 1-жартысында Түркітанудыңдың қалыптасып, орнығуына жағдай туғызды. Әлем халықтары ішінде түркі халықтары өзіндік тіл, тарих, мәдениет, салт-дәстүр ерекшеліктерімен айрықша орын алады. Түркітанудың дараланып, өз алдына жеке ғылым саласына айналуының ең басты себептерінің бірі Орхон, Селенга, Енисей,Талас, т.б. өзендер алқаптарынан сан алуан тасқа шекілген (руникалық) жазулар, мүсін тастар мен арнайы жасалған жазба ескерткіштердің бірінен кейін бірі табылып, олардың сыры ашылып, құпиясы айқындала бастауына байланысты болды. Осыған орай Орхон-Енисей-талас тас жазулары оқылып, ірілі-ұсақты көптеген түркі тайпалары мен ұлыстарының тарихы айқындалып, мәдени мұра зерттеле бастады.

Түркітану ғылымының қалыптасып, дамуына Ресей патшалығының жүргізген отарлау саясаты тікелей ықпал етті. ХVІІІ ғасырда түркологиялық зерттулер нақты шаралар негізінде жүргізіліп, түркі тілдері бойынша мол деректер жиналды, еңбектер жарық көрді, татарша, қалмақша мектептер ашылып, араб шрифтімен баспахана ұйымдастырылды.

 ХІХ ғасырдағы түркологиялық зерттеулер жүргізуде Ресей Ғылым Академиясы жетекші орында болды. Жоғары оқу орындарында түркі тілдерінен дәрістер оқытылды. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің сыры ашылды. Қазақ тілі бойынша бірнеше грамматикалар мен сөздіктер жарияланды. ХХ ғасырда түркітану ғылымы жан-жақты дамып, әрқырынан зерттелді.Кеңес үкіметі әлемдік түркітанудың ошағы (орталығы) қызметін атқарды. Әрбір түркі тілдері жан-жақты зерттеліп, басты-басты тілдер бойынша ұлттық кадрлар шоғыры қалыптасты. 1970 жылы КСРО ҒА-ның тіл, әдебиет бөлімшесі жанынан кеңестік Түркітану комитеті құрылып, «Советская түркология» (Баку қаласында) журналы шығарылып тұрды. Бұл журнал 1991 жылдан бастап «Түркология» деген атпен шығарылып келеді.Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан республикаларында басқа да түркі халықтары шоғырланған ірі қалаларда жоғары, орта оқу орындары ашылып, тіл – әдебиет мамандықтары бойынша ұлттық кадрлар дайындалды. Түркі халықтары тұратын басқа да аймақтарды, облыстарда ұлт тілдерін зерттеуге арналған ресми мекемелер (ғылыми-зерттеу институттары, кафедралар, секторлар) ұйымдастырылды. Әрбір тіл бойынша грамматикалар, оқу құралдары, монографиялар көптен шығарыла бастады. Түркітану ғылымының өркендеген тұсы осы кезең болды. Түркітану кешенді ғылым, қоғамдық саяси-гуманитарлық пән ретінде оқылуы керек. Түркітану тек түркі тілдерінің өткені мен бүгінін қарастырмайды, оның аясында түркі халықтарының тарихы, әдебиеті, дүниетанымы, мәдениеті, этнографиясы тұтас қарастырылады. Жаһандану тұсында түркітану саясаттау, философия, социология  мәселелерінен тыс қала алмайды. Жаһандану әлемдік үрдіс болғанымен, белгілі бір өркениеттерге сүйенеді. Қазіргі тұста американдық немесе батыс европалық өркениет үгіт-насихатпен де, мың түрлі түспен қызықтыруымен де, ағылшын тілінің әсерімен де күллі жұртқа таңылуда. Осы тұста бүкіл түркі халықтарының сүйенер қалқаны, жаһандану теңізіне жүзер желкені түркі өркениеті болмақ. Ал өткен тарихты білу парыз, бірақ өткенді айтып мақтанға ұрынбай, бүгінгі ұлтаралық, мемлекетаралық қатынастарда түркітану ғылымының әлемдік мәнін күшейту ғалымдардың меншігінде. Ғылыми зерттеулерде томаға тұйықтықтан арылып, бүгінде 133 миллионға жеткен түркі халықтарының өшкенін ескеріп, өскенін екшеп, мемлекетаралық деңгейдегі кешенді зерттеулерге жол ашу Ғылым Академиясы, Білім және ғылым министрлігі сияқты құзырлы орындардың пәрменді әрекеттерімен іске асырылуы қажет. Түркі тілдерінің тамыры бір, өзегі ортақ десек те жаңа ғасырда бір-бірімізді түсіне қою қиындап бара жатыр. Әрине бұның бәрі Кеңес үкіметі тұсындағы саясат салқыны, әліпбидегі ала құлалық екені рас. Кейінгі кезде ортақ әліпби жасасақ деген де ұсыныс, әрекеттер болды.

Дегенмен түркі тілдерінің өзіндік айырмашылықтары бұған көне бермейді. Араб тілді ғалымдар жазған түркологиялық зерттеулердің ең алғашқысы және ең келемді де күндысы түркі әулиетінен шыққан , Бағдат ғалымы Махмұд Қашқари жасаған «Диуани лүғат ит түрік» деп аталатын сөздік. Махмұд сөздігі әдеттегі сөздіктер сияқты тек лексикалық материалдармен ғана айналыспай, ол-өте кең мазмүнды зерттеу. Мүнда түркі тілінің сез колданысы, оның семантикалық, дыбыстық, грамматикалық сипаттары, бірі-біріне үқсастық, өзгешеліктері кең қойылып, терең баяндалған. Махмүд Орта Азияны мекендеген түркі халықтарын солтүстік, оңтүстік деп екі түстікке бөледі де, әр түстік қүрамына енетін халықтар тізімін береді. Сондай-ақ, түркі тілдерін оғуз, қыпшақ, түрки деп аталатын үш топқа бөліп, әр топқа жататын тілдердің бір-бірінен дыбыстық, гармматикалық, лексикалық өзгешеліктерін көрсетеді. Түркі тілдері материалдарын бір-біріне салыстыра баяндайды. Түркі тілдерінен 10 мыңға жуық сөз қамтылған. Тілдерді әр түрлі группаға жіктеуде олардың фонетикалық ерекшеліктеріне сүйенеді. Махмүд сөздігі Х-ХІ ғасырдағы түркі халықтарының сөйлеу тілі фактілерінен тарихи мәлімет беретін, қазіргі түркі халықтарынық бәріне ортақ еңбек. Сонымен қатар бүл еңбек-тек түркология ғана емес, бүкіл әлем лингвистикасында салыстырмалы, салғастырмалы әдіс бойынша жазылған түңғыш туынды. Көрнекті ғалымдардың бәрі де Махмүд сөздігін түркі тілдері тарихының энциклопедиясы тәрізді дейді. Араб ғалымдары Махмүдтың Диуанынан кейін бірнеше салыстырмалы сөздіктер жасаған. Сондай сөздіктің бірі- Абулқасым Махмүд ибн Омар(туған жері атымен Әл-Замахшари деп те атайды) жасаған «Муккаддимат әл-адаб» (әдебиетке кіріспе) деп аталатын арабша-парсыша-түрікше моңғолша сөздік. Араб тілінің маманы Абу Хаййан 1312жылы Каирде «Китаб ал-идрак-ли-лисан ал-атрак»(түркі тілдерінің түсіндірме кітабі) атты еңбек жазған. Мүнда түркі тілдерінің лексикасы мен морфологиясы, синтаксисі мен ықшамды түрде қаралған фонетикасы сөз болған. Бүл салаларды сөз еткенде автор оларды түрікмен тілі мен қыпшақ тілі материалдарын салыстыра қарау аркылы айқындайды. Бүл еңбекте түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тіліне тікелей қатысы бар қыпшак тілінің  фонетикасы , грамматикасы, лексикасы женінде бай материалдар бар.

Тақырыптан қорытынды ой түйсек, біз жалпы алып бәйтеректің әртүрлі жапырақтарымыз. Бірнеше түркі тілін терең игерген мамандар да тапшы. Сондықтан филолог жастарды дайындау үшін түркі тілдес елдердің арасында жоғары оқу орындары студенттерін алмастыру, білім жетілдіру істерін жандандыру қажет-ақ. Профессор Ш.Ыбыраев «дүниежүзілік және ұлтаралық дәстүрі әлдеқашан қалыптасқан түркология ғылымының қазіргі заманғы тізгігіне ұмтылу – егемен түркі мемлекеттерінің абыройлы міндеті», - дейді.    Шынында да түркітану ғылымының басында тұрған алаш ардақтыларының қасиетті де маңызы зор әдеби, тарихи, тілдік зерттеулерін танып, түстеп, біліп қана қоймай, жаңа ғасырда заман талаптарына сай жалғастыру, тереңірек зерделеу егемен ұрпақтың міндеті деп білемін!

Орындаған: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Филология және Әлем Тілдері факультетінің 2 курс студенті Бадау Сабина Асылбекқызы 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз