Өлең, жыр, ақындар

Колледждің оқу саласындағы алар орны

Біз әрқашан Дүниенің кілтін білімнен іздеген, ізденімпаз, білімге жаны құштар халықпыз. Әркез жоғары орынға іздену, танып білуді қоямыз. Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы деген мақалдың өзі ата-бабаларымыздың бірінші орынға адамға тек оқу қажеттігін айтып кеткеніне дәлел. Сол себебтен де біздің еліміз әлі күнге тәлім алу, үйрену, білімге ұмтылуды бірінші орынға қояды. Осы уақытқа дейін бұл қасиеттер біз үшін адам баласының ең жоғары құндылықтарымен пара пар. Мақаланың басталуынан байқағандарыңыздай бүгінгі тақырып білім алу жайында болмақ. Әрине білім десе ең бірінші есімізге мектеп түсері сөзсіз, себебі осы алтын ұямыздан ең бірінші тәлім алып, білім жолына қадам бастық. Алайда мектепті тәмамдаған оқушылар үшін өз білімдерін шыңдау жолында колледждің үлесі қандай болмақ?

Колледж арнайы мамандық бойынша оқытатын оқу орындары. Және жасөспірімдердің үлкен өмірге қадам басуының алғашқы сатысы. Және арнайы осы жәйтқа байланысты №17 Жамбыл колледжі Комуналдық мемлекеттік кәсіпорынына мәлімет жинақтау үшін барып, қайтқан болатынмын. Колледж жағдайы көңіл толтырарлық, сырт көзге мектеп қабырғасы секілді көрінетін бұл оқу орнының да ауыл тұрғандары үшін алатын орны ерекше. Бас кезінде аурухана ретінде соғыла бастаған бұл ғимарат, уақыт өте келе білім ордасына айналды. Алайда бұл ғимарат әуел бастан колледж ретінде емес кешкі мектеп ретінде қызмет көрсеткен болатын. Уақыт өте келе бұл ғимарат арнайы шопан, тракторист, жүргізуші, аспаз секілді мамандық иелерін оқытатын оқу орнына болды. 1959 жылдан бері тәлім беріп келе жатқан бұл оқу орны әлі күнге дейін жұмыс жасауда. Ал қазіргі уақытта колледж қабырғасында 150 ге жуық білімгерлер білім алуда және 25 ұстаз білім беруде. Кішігірім ғана оқу орны болғанымен қанат қағып ұшқан студенттердің 81% жұмыспен қамтылып, жұмыс жасауда. Әрине бұл кішігірім ғана нәтиже болуы мүмкін, алайда бұл білім ордасының өзінен білім алған студенттеріне берген білімнің еш кетпегені, керемет басшыларды оқытпаса да, халыққа көмегімен тигізетін қаншама маман иелері шығуда. Еткен еңбек еш кетпейді демекші, қаншама педагогтардың еңбегінің жемісі өз студенттері жақсы мамандарға айналуда. Бұл колледждің менің отбасым үшін де маңызы зор, себебі бұл колледжде менің атам Дуанаев Қажмахан Мырзайұлы 1979-1996 жылдар аралығында ұлағатты ұстаз болған. Мұнымен айтқым келгені сен қай жерде білім алдың ауылдан ба қаладан ба маңызды емес. Маңыздысы білімді еліне өз көмегін тигізетін маман болу.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер