Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанда жекеменшік мектептердің саны 400-ден асты

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру аясында жекеменшік мектептерді салуға қатысты түсінік берді.

«Бүгінгі күнде орта білім беру саласындағы маңызды міндеттердің бірі – жүктемесі жоғары мемлекеттік мектептерге деген ауыртпалықты азайту, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру үшін тартыста мектептер арасында бәсекелестікті дамыту. 2018 жылдан бастап жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мүмкіндігі заңды түрде бекітілді. Жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесінде жекеменшік мектептер үшін жан басына шаққандағы норматив айқындалды», - деді А. Ибаримов.

Әдістемеге сәйкес жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері екі компоненттен тұрады, олар:

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖМБС) іске асыруға арналған операциялық шығыстар. Жаңадан іске қосылатын жекеменшік мектептер үшін ағымдағы жылға норматив орташа есеппен 532 мың теңгені құрайды.

- жылына жаңадан енгізілген әрбір оқушы орны үшін ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар:

- құрылыс жағдайында - 96 АЕК (294 мың теңге),

- реконструкция жасалған жағдайда - 47 АЕК. (143 мың теңге).

«Онымен қоса, инвестордың мектепте балаға жақсартылған жағдайларды ұсынғаны үшін ата-ана төлемақысын алуға құқығы бар. Мемлекеттен төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін, нысан құрылыс салушының меншігінде қалады. Алайда, шарттарға сәйкес мектептің нысаналы мақсатын өзгертуге шектеу 20 жыл мерзімге тіркеледі», - деді орталық басшысы.

Жобаларға қатысу үшін капитал немесе қарыз қаражатын тартуға мүмкіндік, сондай-ақ жер учаскесі болу қажет.

«2019-2021 жылдары 287 жекеменшік мектеп (94 696 орындық) ашылды. Жалпы, елімізде жекеменшік мектептердің жалпы саны 408-ге жетті», - деді ол.

Өңірлер бойынша жекеменшік мектептерді ашуда көшбасшылар ретінде Түркістан облысы (56), Шымкент қаласы (52), Алматы қаласы (41), Нұр-Сұлтан қаласы (29), Жамбыл облысы (30), Алматы облысы (17), Қызылорда облысы (16), Маңғыстау облысы (14) және Ақтөбе облысы (8) болды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар