Өлең, жыр, ақындар

Биология пәні бойынша сандық білім беру ресурстарының ерекшелігі

Каирова Ақерке Тлеуниязовна жаратылыстану ғылымдарының магистрі, оқытушы
Ишанберген Ақбаян Ғабитқызы
Қожуова Ағлен Нұртазақызы
Жарас Назерке Қонарбайқызы
биология мамандығының, 4 курс студенттері
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Ақтөбе қ., Қазақстан

Аннотация: Бұл мақалада биология сабағында сандық білім беру ресурстарының тиімділігі, мүмкіндіктері және білім беру жүйесіндегі алатын орны туралы баяндалады. Сандық білім беру ресустары -  білім беру сапасын жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды дамыту, заманауи қағаз процестерін жеңілдету арқылы, білім беру үдерісіне көп көмегін тигізеді.

Аннотация: В этой статье рассказывается об эффективности, возможностях и месте цифровых образовательных ресурсов в системе образования на уроке биологии. Цифровые образовательные ресурсы-это улучшение качества образования, развитие новых информационных технологий, упрощение современных бумажных процессов.

Annotation: This article describes the effectiveness, opportunities and place of digital educational resources in the education system in the biology lesson. Digital educational resources are about improving the quality of education, developing new information technologies, and simplifying modern paper processes.

Кілт-сөздер: сандық білім беру ресурстары, платформа, интерфейс, сервис, коммуникативті, браузер

Ключевое слово: цифровые образовательные ресурсы, платформа, интерфейс, сервис, коммуникативные, браузер

Keyword: digital educational resources, platform, interface, service, communication, browser

ХХІ ғасыр адамының ерекшеліктерін, қазіргі қоғамның дамуы үшін ақпараттың маңыздылығын, сонымен қатар идеялар мен адам қызметінің өнімдерінің тез өзгеруін ескере отырып, адамдарға үздіксіз білім берудің объективті қажеттілігі туралы айтуға болады. Бүгінгі күні білім беру ашық бола түсуде, оның әлемдік жетістіктерін біріктіру тенденциясы байқалады. Киберкеңістіктің дамуына байланысты білім көздері мен білім беру технологияларының саны көбейіп келеді, соның бірі – сандық білім беру [1].

Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының қазіргі заманғы жүйесін қалыптастырудың негізгі алғы шарттары - «оқытудан» «білім беруге» көшу, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту жеке тұлғаға бағытталған, ашық білім беруге көшу; білімді жинақтау мен жүйелеуде, оқушыларға білімді беру үдерісінде сандық білім ресурстарын пайдалану [2]. Әлемдік тәжірибеде сандық білім беру қазiргi бiлiмнiң ажырамас бөлiктерінің бірі болып табылады.

Сандық білім беру – ол қазіргі заман талабы. Сандық білім беру ресурстарын қолдану арқылы – сабақтың мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда графикалық, сандық, тілдік, музыкалық, видео, сурет және басқа да ақпараттан тұратын ақпарат көзін тиімді пайдалану.  Сандық білім беру ресурстары - бұл сандық формада ұсынылған фотосуреттер, бейнефрагменттер, динамикалық үлгілер, виртуалды шынайы және интерактивті үлгілеу объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, символдық объектілер және іскерлік графика, мәтіндік құжаттар және оқу процесінде ресурстар болып табылатын өзге де оқу материалдары [3].

Сандық білім беру ресурстары:

— оқытудың заманауи түрлеріне бағытталған ,білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ету үшін, көрнекі құралдардың кең ауқымын қолдану арқылы жоғары интерактивтілікті және оқушының өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардың жаңа түрлері үшін;

— оқушылардың әр түрлі қызмет салаларында (коммуникативті, танымдық, бағалық, тәжірибелік) мәселелерді дербес шешуге қабілеттілігімен сипатталатын құзыреттілігі - жаңа білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағыттану үшін;

— деңгейлі саралау мен оқытуды даралау мүмкіндігін (бұл пәндік дағдыларды қалыптастыру деңгейіне де, зияткерлік және жалпы дағдыларға да қатысты) қамтамасыз ету үшін;

— оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты психологиялық-педагогикалық сипаттамаларын және оқушылардың мәдени тәжірибесіндегі айырмашылықтарды ескеру үшін;

— әртүрлі формада (графиктер, кестелер, әртүрлі жанрлардың композитивті және түпнұсқалық мәтіндері) берілген ақпаратпен жұмыс жасалуына бағытталу үшін және ең алдымен стандартты емес шешімдерді талап ететін жұмыстарына бағытталу үшін;

— оқушылардың өз іс-әрекеттеріне стратегияларды таңдауды талап ететін тапсырмаларды (ең алдымен, тестілік тапсырмаларды) орындауға тәжірибе жинақтау ушіненгізілген [4, 8].

Сандық білімді биология сабағында тиімді қолданудағы негізгі мақсат: - оқушылардың мәліметтермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту ықпал жасау [5, 7]. Сандық білімді қолдану барысында әр жеке тұлғаның биология пәні бойынша білім-білік сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі. Мысалы: биология сабағында сандық білімді қолданудағы негізгі бағыттар: электрондық оқыту, виртуалды тәжірибелер, тақырыпқа сай ақпарат іздеу, түрлі сайттар арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заманауи үлгіге сай тақырыпқа сай бейне, аудио жазбаларды қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады [8].

Осыған орай сабақтың кез келген бөлімінде «Wordwoll» платформасын қолдандық. Wordwall - білім беру процесінің басты міндеттерінің бірі-оқушылардың ынтасын арттыруға көмектесетін әмбебап оқу ресурсы!

Wordwall интерактивті тапсырма құру сервисін қолдану төмендегідей мақсатты көздейді:

— оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту

— алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету.

— оқу мотивациясын арттыру;

— оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту;

— сабаққа дайындық кезінде оқушылардың дербестігін ынталандыру;

— білім беру сапасын арттыру;

— оқу процесін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін жетілдіру.

Осы ресурстың көмегімен әр баланың мүмкіндіктерін ескере отырып, интерактивті немесе баспа жаттығуларын жасау арқылы оқуды саралау мен жекелендіруді ұйымдастыруға болады. Wordwall - интерактивті және баспа материалдарын жасауға арналған көп функциялы құрал. Көптеген шаблондар интерактивті және баспа түрінде қол жетімді. Интерактивті жаттығулар Интернетке қол жетімді кез-келген құрылғыда ойнатылады: компьютерде, планшетте, телефонда немесе интерактивті тақтада. WordWall қызметінің артықшылықтарының бірі- бағдарламада көптеген тілдерде түсінікті пайдаланушы интерфейсі бар. Ең жиі пайдаланылатын шаблондар, мысалы, жаттығулар, лексикалық дағдыларын жатқызуға болады. Сонымен қатар ойын үлгілері: "Салыстыру", "толық жазу", "Диаграмма мен этикеткала", "Кездейсоқ картасы", "Кездейсоқ колесо", "Анаграмма", "Құрастыру" жұп, "Виселица", "Сөзжұмбақ" т.б. бар. Үй тапсырмасын жасау үшін Wordwall қызметі мұғалімге бұрыннан жасалған мазмұнды қол жетімді баспа формасына жедел түрлендіруді қолдануды ұсынады. Бұл өте ыңғайлы, өйткені ол мұғалімнің уақытын айтарлықтай үнемдейді.

Сурет 1.Сабақ беру сәтінен

Flippity-бұл кесте негізінде оқыту үшін әртүрлі интерактивті тапсырмаларды жасауға болатын онлайн қызмет. Функционалдығы бойынша Flippity LearningApps сияқты танымал қызметтерге ұқсас. Flippity интерактивті жұмыстарының ең танымал түрлері: Мәтінді енгізу жаттығуы; Емлені тексеру; Кроссворд; Турнир кестесі; Уақыт шкаласы; Сөздерді іздеу; Бинго. Әр тапсырма үшін құру нұсқаулары, сондай-ақ шаблон мен демо нұсқасы бар. Flippity интерфейсі ағылшын тілінде, бірақ интуитивті интерфейсі бар. Сондай-ақ, сервиспен жұмыс істеу кезінде браузерге салынған автоматты аудармашыны пайдалануға болады, мысалы, мұндай мүмкіндік Google Chrome браузерінде бар.

Өз оқыту  тәжірибемізде осы платформаны пайдаланудың келесі артықшылықтарын атап өтсек:

1. Ойын түрінде ынталандырушы тапсырмаларды құру.

2. Оқушылардың білімін үздіксіз бақылау үшін қарапайым және жылдам қолдану.

3. Барлық пәндер үшін қолайлы.

4. Интерфейс тілін өзгерту мүмкіндігі.

5. Үлгілерді жылдам өзгертуге және осылайша жаңа тапсырмалар жасауға болады.

6. Сіз басқа платформаларда кездеспейтін бірегей үлгілерді пайдалана аласыз.

7. Тапсырмаларды тексеру үшін мұғалімнен қосымша уақыт қажет емес, өйткені жүйе баллды автоматты түрде есептейді

Қорытындылай келе, электрондық оқыту жүйесі ақпараттық ортаны құруда, электрондық мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруда және тұрғындардың компьютерлік сауаттылығына байланысты мәселелерді шешуде  басты рөлге ие. Компьютердің мұғалімдердің оқу процесін, сыныптан тыс жұмыстарды, әртүрлі шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда берер көмегі көп екені аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Мектеп өміріне компьютердің келгеніне біраз жыл өтті, осы жылдарда оқу процесінде есептеуіш техникаларды қолданудың тұжырымдамалары бірінің орнын бірі алмастыруда. Компьютерлік бағдарламалар ғана, емес, компьютерлік техниканың жаңа түрлері қолданысқа енуде.

Ал, бүгінде бізге сандық білім беру ресурстарын жасау және пайдалану қажеттігі туындады. Биология сабақтарында тірі ағзалардағы биологиялық процестерді көрнекі құралдарсыз, саусақ қимылымен түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан мұғалім оқу процесін ұйымдастыруда тиімді оқытудың техникалық құралдарын таңдауы тиіс. Электронды ресурстарды қолданып білім беру барысында дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттық ортаны едәуір жоғарылатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеді. Жаңа  технологияны меңгеру оқытушының оқу –тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге,жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» - деп тұжырым жасайды. Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап,әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А.Ғабитқызы. Кәсіби құзыреттілік және жаңа ақпараттық технологиялар.// Қазақстан мектебі, №11,2012,-5-бет.

2. Б.Ибраимова.Ақпараттық технология -нәтижелі білім берудің көзі.// Қазақстан мектебі,№6,2012,-3- бет.

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

4. Білім технологиялары -2010.-№ 2 https://youtu.be/wrlYNXehJWg

5. Назарбаев Н.А. Послание Президента РК народу Казахстана «Социально-экономическая модернизация - главный вектор развития Казахстана» от 27 января 2012 г.

6. Об особенностях преподавания основ наук в общеобразовательных организациях Республики Казахстан в 2015 -2016 учебном году. Инструктивно-методическое письмо. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 232 с.

7. Ахметова Г.К., Семченко А.А., Мухамбетжанова С.Т. и др. Методика внедрения системы электронного обучения в организациях образования.Методическое пособие, Алматы: РИПК СО, 2012. -76 с.

8. Ә.М.Нұрмағамбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісінде пайдалану.// Педагогикалық альманах,№3-4,2010,-64-бет.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер