Өлең, жыр, ақындар

Рухани - адамгершілік тәрбие беру

Рухани-адамгершілік тәрбие – адамгершілік сананың қалыптасу және рухани даму процесі. Адамгершілікке тәрбиелеуді балалардың бойында үлкенді құрметтеуге, тыңдай білуге, олардың ақыл-кеңесін, нұсқауын ықыласпен орындауға құштарлық пен қабілетті дамытудан бастау керек.

Адамгершілікке тәрбиелеу тек тәрбие процесінде ғана емес, сонымен қатар оқытуда да жүзеге асады. Адамның адамгершілік қасиеттері мектепке дейінгі жаста қалыптасады, сондықтан балаларды өз міндеттерін орындауға, жауапкершілікке ерте жастан бастап үйрету қажет. Тұлғаның алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады, бірақ мақсатты түрде қалыптасуы мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асады. Дәл осы жерде бала қарым-қатынас үлгісін меңгереді, барлық істе үлкендерге еліктеуге тырысады. Тәрбиешінің міндеті – бала бойына Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, кез келген істің бастамашысы болу. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттеріне балалардың адамгершілік сезімдерін, жағымды дағдыларын және мінез-құлқын дамыту жатады. Мектепке дейінгі жаста балада жанашырлық, қайғы мен қуанышқа жауап беру қабілеттері қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшелігі - айқын еліктеу қабілеті. Сонымен қатар нашар дамыған мінез-құлық жүйесі, өз іс-әрекетін басқара алмау, олардың моральдық мазмұнын түсіне алмау жағымсыз әрекеттерге әкелуі мүмкін. Бұл дағдыларды қалыптастыру кейіннен адамгершілік әдеттерге айналатын тәжірибе жинақтау процесіндегі басты міндет болып табылады.

Осы мақсатта мектепке дейінгі ұйымдарда рухани-адамгершілік тәрбие беру үшін барлық жағдайды жасау қажет, ата-аналардың да көмегі маңызды. Тек осы жағдайда ғана балада эмоционалды жайлылық сезімі пайда болуы мүмкін және құрбыларымен рахаттана, еркін тіл табысып, олармен кездесуді, бірге ойнауды қуанышпен күтеді, ата-анасымен қуанышы мен қайғысын бөліседі. Әрбір бала белгілі бір тапсырманы орындағанда өз қабілетіне сүйенеді. Мысалы, ойын арқылы жағымды әдеттер қалыптасады, сенімді қарым-қатынас орнайды, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.

Халық ауызша шығармалары, ананың жүректен шыққан бесік жыры арқылы баланың бойындағы адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Саналы да сезімтал ұрпақ тәрбиелеу – әрбір ұстаздар қауымының міндеті.

Бейсен Ерсұлтан Бердібекұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз