Ж.Елебеков атындағы Республикалық
Эстрада-Цирк Колледжінің оқытушысы
Түменбай Ысматолла Нұрланұлы
Алаш көсемі, көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына биыл 156 жыл.
Дарынды этнограф, саясаткер, журналисттің сан қырлы болғандығы баршамызға мәлім. Алайда, Әлихан Нұрмұхамедұлының әлі де белгісіз қырларын тану бірден бір парызымыз екендігін ұмытпаған жөн.
Қыр баласы туралы бәлкім сіз білмеген фактілер:
1. Әлихан Бөкейханов қазақ даласындағы негізгі билеушілер Шыңғыс ұрпақтарынан тараған. Оның атасы Бөкей тікелей Жошы ханнан тараған төре болған.
2. Белгілі зерттеуші Сұлтан хан Аққұлұлы Әлихан Бөкейхановтың масондық ұйымда болғандығын анықтады.
3. Әлихан Бөкейханов Абай Құнанбайұлының шығармаларын жергілікті басылымдар мен газеттерге жариялап қана қоймай, оның өмірбаянын зерттеумен айналысқандардың арасындағы алғашқылардың бірі болған.
4. Әлихан Нұрмұхамедұлының «Қыр баласы» псевдонимінен өзге мақалалар жазу барысында «Ғ.Б», «Ұ», «Әлихан» деген бүркеншік аттарды кеңінен қолданға.
5. Қоныстандыру саясатының енгізілуіне байланысты қазақ далалы аймақтарындағы бос орындарды, халықтың тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін анықтау үшін құрылған Ф.Щербина экспедициясына Әлихан Бөкейханов жас маман бола тұра қатысып топтастырылған мәліметтерді саралауда, қорытындылауда өте маңызды рөл атқарды. Ол қазақ жерінің экономикасының жетілдіру туралы батыл ойларын айта отырып, негізін қалады. Қазақ жүздерінің құрылу себептерін анықтай отырып, олардың орналасу картасын нақтылады.
6. Әлихан Бөкейханов 1917 жылы Қазақ автономиясының басшысы қызметін атқарды. Оның басшылығымен «Иртыш», «Омич» газеттері де жарық көрді.
7. Ол мамандығы бойынша орманшы болса да, мұғалімдік қызметті де қатар алған. Сол заманда қазақтардың сауат ашуына ықпал тигізген тұлғалардың бірі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі