Өлең, жыр, ақындар

Арманнан адасу әлде мақсаттан жаңылу?

Мектепте оқып жүрген жылдары журналистикаға жалындаған, белсенді, сөздері мірдің оғындай, жазғанда қаламдары найзадай талапкерлер келіп, нағыз аламандар бәйгесі сияқты болады деп ойлаушы ем. Алайда өзім түскен соң барып, біраз дүниеге көзім жетіп, қазір ойым өзгерді. 

Журналист болу - елдің мұңын мұңдап, билік пен халық арасындағы көпір бола отырып, найза қалам ұштаған маман болу. Бірақ бүгінде біздің кей жастар осыны түсінбей жүр. Журналист болуды әдемі киініп алып, маржандай тістерін көрсетіп, көк жәшіктен шығу деп түсінеді. Міне, бітірген соң 30 адамнан 5 адам ғана журналист болып қалатыны да осыдан. Журналист болу мен тележүргізуші болуды шатастыру. Менің ойымша, мектептегі қосымша сабақтарға мамандық таңдауға қатысты дүниелер қосу керек, егер осыған басымдық берілсе көп түлек адаспай өз жолын табар ма еді? Мамандықтың негізі мақсатын түсінбесе де, көптің бірі болып, грант иеленіп жүргендер аз емес. Сол себепті санаулы грантты сапалы студенттер алса көңіл қуантады. Ал түсуін түсіп алып, журналистің бәрі тележүргізуші емес екенін ұғынғандар тағы да сол мамандық бойынша жұмыс істемейтін мамандар қатарына қосылмақ. 

Айта кетейік, тележүргізушіден бөлек, журналистикаға, есеп-қисаптан, ҰБТ-дан, жаратылыстану бағытынан қашып келетіндер де жетерлік. Егер оқушы мамандық туралы терең түсінсе, бұндай ойда болмас еді. 

Санаулы болса да сапалы маман даярлау үшін, мектеп кезінен таңдауға қатысты бағыт берген дұрыс болар ма еді?

Зарина Рахметова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз