Балалар көзімен әлемнің тілдік бейнесі (әдеби шығармалар негізінде)
Қазіргі тіл білімінде жеке ана тілінде сөйлейтіндердің де, бүкіл этникалық топтың да дүниесінің суретін дұрыс лингвистикалық талдау арқылы сипаттауға мүмкіндік беретін тәсіл өзекті бола түсуде. Адам тілінде оның дүниені көру жүйесін аша отырып, зерттеушілер тілдің антропоцентристік постулатына сүйенеді. Әлем бейнесін тіл арқылы түсіну, тілде адамның сыртқы және ішкі дүниесінің белгілі бір идеясын ашу, бұл әлемнің тілдік бейнесінің әртүрлі фрагменттерін зерттеу процесінде лингвисттердің алдына қойған негізгі міндеті. Бүгінгі күні әлемнің тілдік бейнесі сөйлеу тілдерінің көмегімен бекітілген сыртқы және ішкі әлем туралы білімдердің бүкіл жиынтығы ретінде түсіну қалыптасқан.
Балалардың әлем суретін қабылдауы кітаптар арқылы жүзеге асатын болғандықтан, шағын талдау жүргізуді жөн деп санадық. Ол үшін қазақ классигі Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым қожа» повесі мен американдық классик Марк Твеннің «Том Сойері» алынды.
Ең алдымен сөжетке көз жүгіртелік. «Менің атым Қожа» повесінің сюжеті көпшілікке таныс. Әңгіме барлық балалар сияқты өзін қоршаған әлемді білуге тырысатын мейірімді, білгір, ашық бала Қожа туралы. Қожа үнемі түрлі келеңсіз жағдайларға түсіп, соның кесірінен құрбы-құрдастарының арасында бөтен адамға айналады. Бұл повесте жасөспірімдік шақта бізді алаңдататын мәселелер мен күдіктер басты кейіпкер барлық балалардың бейнесіне қалыптасып кеткендей көрсетіледі. Бірақ, бұл ретте әкесіз қалған Қожа да анасының қамын ойлап, біраз есейген. Айна алдындағы көрініске ерекше назар аударуға болады, оның бойында екі тарап қатар өмір сүреді - жақсы және жаман. Повесте әділеттілік, қоғамдық пікір тақырыптары қозғалады, әсіресе, Қожаның барлық «әдепсіз әрекеттері» үшін сөгіс алғанында. Мұғалім Рахманов Қожа мектептен шығарылса, жолдастары кінәлі болады, өйткені досқа көмектесу керек, кешіре білу керек деген тамаша ойында осы астар жатыр. Міне, шындық – бір-бірін түсінуде. «Менің атым Қожа» повесі балалық шақтағыдай шынайылығымен ерекшеленеді. Сенуге болатын жақсы оқиға және Қожаның елу жылдан астам тарихын қайта қарауға итермелейтін белгілі бір жігер береді.
Екінші шығармамызды «Том Сойердің шытырман оқиғалары» деп аударуымызға болады. «Том Сойердің» басты кейіпкері – Том. 12 жастағы бала, жетім, апасы Поллимен бірге тұрады. Тапқыр, көңілді, бұзық, мейірімді, шытырман оқиғаны жақсы көреді. Ол алаңсыз мектеп оқушысы, тентек, кейде тіпті дөрекі. Оның басы ылғи неше түрлі ақымақ әңгімелер мен лас қулыққа толы. Том мектепте сабақты өткізіп, орманда ойнап, өзін қарақшы, атақты қарақшы Робин Гуд ретінде елестете алады. Тіпті үйінен қашып кетеді. Бірақ бұл бала үлкен арманшыл және өнертапқыш, батыл, адал, достыққа адал, опасыз, арам, жала жабушыларды ұнатпайды. Ол өзіне ұнаған Бекки қыздың кінәсін өзіне алады, кішкентай қыздың уайымдамауы үшін өзінің тірі екенін айтуға тырысады. Том өзінің тапқырлығының арқасында жазаны ойын-сауыққа айналдыра алды. Сойер басқа ұлдардың келемеждеуінен қорықты, бірақ ол бірден тығырықтан шығудың жолын тапты: қоршауды ағарту оған нағыз рахат әкелетінін көрсетті. Мұны көрген басқа ұлдар Сойерге «қазыналарын» берді (батпырауық, өлі егеуқұйрық, шарлар, т.б.). Көптеген шытырман оқиғалар Том Сойердің тағдырына түседі, олардың арасында қауіптілері де бар. Бірақ ол өзінің досы Гекпен бірге барлық қауіпті жағдайлардан абыроймен шығады, жақындарын көп алаңдатқанымен, өзінің ең жақсы қасиеттерін ашады. Сонымен, Марк Твен американдық ұлдардың балалар әлемін жарқын және нанымды түрде көрсетті, олар өздерінің, «балалық» мәселелерімен ғана емес, сонымен бірге ересектер әлемінің қатыгездігі мен әділетсіздігімен де бетпе-бет келуге мәжбүр болғандығын мәлім етеді.
Өнер адамы өзінің балалық шағынан нәр алады дейді ғой, өмір бойы сол қыр астында қалған жастықтың жасыл белесінен келісті сурет, көркем бояу тауып, соны қайыра көз алдына елестетіп, жаны байып, жаңғырып отырады. Шығармалардың негізгі идеясы – басқалардан ерекшеленуден қорықпайтын және барлық қиындықтарға қарамастан өз арманына еретін адам ғана өзі бақытты бола алады және басқаларды бақытты ете алады. Екі шығармада да шынайылық пен өзара көмекке негізделген достық тақырыбы ашылады. Авторлар жасөспірім баланың психологиясын, оның басынан кешкендерін, тілектерін, армандарын нәзік бейнелейді.
Талдауды мысалдармен толықтырар болсақ. Ең алдымен бірден көзге түспейтін ерекшеліктерге тоқталсақ. Том Сойер кейіпкерінің сөйлеу мәнері – мектепке барғысы келмейтін, көп еркелік жасап, ересектердің қамқорлығынан құтылуды армандайтын нағыз сотқар баланың мәнері десек те болады.
Оны Томның Полли апайымен сөйлескен кездегі пайдаланған сөздердің өзінен де байқауға болады. Марк Твен оны оқырманға «’m» құрастырымы арқылы көрсетеді. Ондағы Томның жауаптары өте нақты әрі қысқа, дегенмен бұл жерде Томның Полли апайына деген құрметін де байқауымызға болады.
“Tom, it was middling warm in school, warn’t it?”
“Yes’m.”
“Powerful warm, warn’t it?”
"Yes’m."
“Didn't you want to go in a–swimming, Tom?”
Онымен қоса, жауаптардағы байқалған құрметпен қатар, Томның, яғни, кінәлі баланың сақтығы да келесі бөлікте болжанады:
“A bit of a scare shot through Tom – a touch of uncomfortable suspicion. He searched Aunt Polly’s face, but it told him nothing.”
So he said:
“No'm—well, not very much.” [1, p.6].
Мұндағы «well» сөзі, Полли апайымен әңгімелесу кезінде Томның бойында пайда болған ауыспалы көңіл-күйін жеткізіп отыр. Егер Том диалогтың басында жазалану қаупінен бейхабар болса, онда диалог өрбіген сайын оның бойында бұлыңғыр алаңдаушылық сезімі өсе бастағандығы белгілі.
Ал Қожаға келетін болсақ повестьтың басында ол өзі және өзінің отбасы жайлы шағын ақпарат береді. Бердібек Соқпақбаев повестьте Әубәкір шал кейіпкері арқылы Қожаның мінезіндегі мінді де келесі жолдарда мәлім етеді:
«Япыр-ай, мұндай да шаш біте береді екен-ау! Мынау шаш емес, тікенек қой. Тікенек. Мінезіңнің шатақтығы осыдан-ақ көрініп тұр.»
Ал келесі сипаттамада Қожаның өзінің келбетін ұнатпайтынын байқауға болады.
«Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Бетшағардың бітпейтін жерге бітуін қарашы. Одан да бетімнің ұшына таман болсашы. Сонда әдемірек көрінер ме едім.» – деп өзінің өкпесін білдіріп отыр [37, б.10].
Томға оралатын болсақ, Марк Твен өзінің таптырмас шеберлігі арқылы, тіпті Том сияқты ұшқалақтың да, сыныптасы Бекки Тэтчерге деген сүйспеншілігін сипаттап, олардың «үйленуі» көріністерін суреттей отырып, ересек оқырманның барлығы да басынан өткерген алғашқы махаббатын, алғашқы нәзік сезімдерін білдіруі туралы естеліктерін еске түсіреді:
“Now it’s all done, Becky. And always after this, you know, you ain’t ever to love anybody but me, and you ain’t ever to marry anybody but me, ever never and forever. Will you?”
“No, I’ll never love anybody but you, Tom, and I’ll never marry anybody but you, and you ain't to ever marry anybody but me, either.”
“Certainly. Of course. That’s PART of it. And always coming to school or when we’re going home, you’re to walk with me, when there ain't anybody looking and you choose me and I choose you at parties, because that's the way you do when you're engaged.”
“It’s so nice. I never heard of it before.” [1, p.69].
Осылайша Марк Твен бейқам Том Сойерді кішкентай ғана «еркекке» айналдырады.
Бұндай қасиеттер қара бала Қожаберген ге де жат емес. Оны Бердібек Соқпақпаев бізге келесі жолдарда мағлұм еткен:
«Үйге кіріп бара жатқанда, иттен қорыққансып, Жанардың жұп-жұмсақ білегінен қысып ұстап, жабыса түскенімді ойлағанда, бойымды тәтті бір сезім жайлағандай болды. Сол сүйкімді білек қазір де уысымда тұрғандай, өз алақанымды өзім құшырлана қысамын...
Басыма қилы-қилы ойлар сапырылысып келеді. Оныншыны бітірген соң, армияға шақырылам. Ал Жанар болатын болса, институтқа оқуға түседі. Сонда, бәлем, мен оған өлеңдетіп тұрып неше алуан ғажап хаттар жазармын-ау.
Сөз жоқ, Жанар да жауап жазады. «Жаным Қожа» деп бастар, мүмкін. Қандай сүйкімді сөз!...
... Мен армиядан батыр атанып, орден тағып келе жатырмын. Көпір аузында шоқ-шоқ гүл бумаларын ұстаған нөпір жұрт жолымды тосып тұр. Солардың ішінен көзіме оттай басылып, Жанар ұшырай кетеді. Аңсап көріскен Қозы мен Баяндай бір-бірімізге құшақ жая ұмтыламыз.
— Жанар!
— Қожа!» [2, бб.31-32].
Мұндағы Қожа мен Томның басты айырмашылығы, Том ашық әрі өзіне-өзі сенімді бала. Ал Қожаның бойында кей кездері қысылу іспеттес сезімдердің бар екенін байқаймыз. Себебі, ол Том сияқты өзінің сезімдерін Жанарға ашық жеткізе алмай, тек ұшқыр қиялына ғана ерік бере алады.
Қорытындылайтын болсақ, бұл шығармалар балалардың күлкісіндей қарапайым, үнді, сонымен бірге терең көрінеді. Ол қалада туып-өскен бала туралы емес, азат дала аспаны астында туып, өзінің алғашқы, ең бастысы, өмірінің маңызды тағылымын осы айналасындағы табиғаттан алған балалар туралы. Ол ең маңызды нәрсені – қоршаған әлемді түсінуді, тыңдауды және естуді үйренеді, өте күрделі үлкендер әлемін де түсінуге тырысады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Twain Mark. The Adventures of Tom Sawyer. – Hartford, 1876. – 284 p.
2.Соқпақбаев. Б. Менің атым Қожа: повесть. – Қарағанды: «Qasym баспа үйі», 2021. – 144 б.
3.Кубрякова Е. С. Языковая картина мира как особый способ репрезентации образа мира в сознании человека // Вестник Чувашского государственного педагогического университета имени И. Я. Яковлева, 2003.- №4 (38)-С. 2-12.
4.Свинчукова Е.Г. «Мир» глазами русских, казахов и русских казахстанцев: межкультурный диалог (по материалам ассоциативного эксперимента) // Языковой дискурс в социальной практике: материалы. - Междунар. научно-практ. конф. 1-2 апреля 2011. – Тверь, 2011. – С. 239-244.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі