Өлең, жыр, ақындар

Интерактивті оқыту – оқушылардың ағылшын тілін дамытуда тиімді әдіс ретінде

Абдолла Бибірахима Бисенғалиқызы
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Атырау қаласы, Қазақстан Республикасы

Ағылшын тілін білу қәзіргі заманның қоғам талабына сай тұлға аралық қарым-қатынастың аса маңызды құралы болып табылады. Оқу барысында тек теориялық білімді алып қана қоймай, кез-келген ортада ынтымақтастыққа дайын, шығармашылық белсенді, диалог жүргізіп, ымыраға келуге қабілетті, өз ойын еркін жеткізе алатын, ғаламдық тұрғыдан бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға бағытталған тиімді әдісті қолдану. Осы тұрғыда мектеп бағдарламасының негізгі міндеті – оқушылардың коммуникативті құзіреттілік даму біліктілігін арттыру мақсатында тиімді әдістер арқылы еркін де  сенімді сөйлеуге үйрету, алған білімін өз ортасында, қоғамдық орында қолдануға бейімдеп білім деңгейін арттыру. Осы критерийларға сәйкес тиімді әдіс ол интерактивті әдіс.

Интерактивті әдіс - өзара әрекеттесу, әңгімелесу, диалог түрінде сұхбаттасу, яғни мұнда оқытушының оқушылармен ғана емес, сонымен бірге білім алушылардың өзара әрекеттесуіне және оқу барысында олардың  ынта, жігерлерін күшейтуге негізделген. «Интерактив» сөзі ағылшын тіліндегі «interact» терминінен алынған. «Интер» - «өзара», ал «акт» - әрекет ету дегенді білдіреді. Интерактивті дегеніміз - біреумен екіара байланыс немесе әңгімелесу режимінде бір нәрсемен  (мысалыға телефонмен) яки біреумен (тұлғамен) сөйлесе алу мүмкіндігін білдіреді. Сонымен, интерактивті оқыту - бұл ең әуелі, ұстаз бен талапкердің арасында өзара әрекеттесуді іске асыратын диалогтық оқыту.

Оқытудың интерактивті әдістерін басқа әдістермен салыстырғанда алға тартар тұсы - оқу процесіндегі оқушылардың жоғарғы бастамалары, және бұны қол қабыс болып, серіктес тұрғысында білім беруші ұстаз қамтамасыз етеді. Бұл әдісте білім беру процесінің барысы мен нәтижесі білім беру процесіне қатысатын барлық қатысушылар үшін аса маңызды болады және студенттердің берілген мәселені өз бетімен шешуге деген қабілетін арттыруға ықпал етеді. Интерактивті дәрістерде мұғалімнің рөлі оқушылардың сабақ барысының жоспарын құруға, және оның мақсат мұратына жетуге бағытталған.

Орыс және грузин педагогы Ш.А Амонашвилидің: «Мен оқытушы болған кезімде, интеративтік рөлді алатынмын және талапкерлеріммен ортақтаса бір арнадағы шығармашылық сезіммен өмір кешкен емеспін, олардың алдынан шығып жатқан кедергілері жұмбақ күйінде жабылып кете беретін. Олардың алдында менің позициям тек басқарушы, ал мен үшін олар дұрыс яки бұрыс жазылған есептер іспеттес еді» деген пікірі бар. Білім берудің дәстүрлі жүйесінде талапкерлерге шама келгенше көп ақпарат беру және оның барлығын игерткізу деген мақсатты желеу етеді. Ұстаз басынан бастап сараланған, маңызды мәліметті таратады, талапкердің міндеті - сол өзгелер енгізген білімді мүмкіндігінше дәл сол ретпен, толық қабылдау. Мұндай жаттығу барысында алынған білім энциклопедиялық белгілі бір мәлімет беретін сипатты береді. Және ол өз кезегінде оқушының жадында бір-бірімен мағыналық қатысы жоқ тақырыптық бөлшектер секілді болуы мүмкін. Осыған орай көпшілік оқытушылар үйретіп жатқан білімінің мазмұнын өз білімінің мазмұнымен қисындыра алмау сықылды шиеленістерге кезігіп жатады. Содан кейін білім алушылардың оқу материалын қаншалықты терең білуіне, оны қорыта алуына, және оқу орынынан тыс күнделікті өмір жағдаяттарына пайдалануына деген күдік оятады.

Интерактивті оқыту кезінде білім басқа қалыпта болады. Олар айналадағы әлем жайлы белгілі бір ақпарат береді. Бұл мәліметтің ерекшелігі - оқушы оны мұғаліммен алдын-ала дайындалған жүйе күйінде емес, өз беттерімен ізденіс аясында алады. Ұстаз оқушыға белсенді болып, сауалдар қойып, өз еркімен әрекет жасай алатындай атмосфераны құруы міндет. Мұндай жағдайларда студент шиеленістер яки кедергі болып табылатын нәрсені шешуге және оны өнімді білімге айналдыруға мүмкіндік беретін басқа дағдылармен бірге алады. Екінші тараптан, сыныптағы басқа оқушылармен, ұстазбен бірімен-бірі әрекеттесу барысында талапкер өзіне, қоғамға және жалпы әлемге қатысты сыналған әрекеттер құрылымын үйренеді, білім іздеудің түрлі батырмаларын үйренеді. Осылайша, оқушылар алған білім олардың тәуелсіз қарқындауының құрал көзі болып табылады. Интерактивті оқытудың да басты мақсаты мұғалімнің оқушының білімін ашып, білім алуына жағдай жасау болып табылады. Міне бұл интерактивті оқыту мүдделері мен әдеттегі көпшіліктің қолданысы аясындағы білім беру жүйесінің мүддесі арасындағы түпкі айырмашылық десек те болады. Интерактивті оқыту - танымдық іс-әрекетті жобалаудың бірегей түрі. Ол анық сонымен бірге болжамды мүдделерді білдіреді. Осындай мақсаттарға тәлім алудың ыңғайлы жағдайларын жасау кіріктірілген, демек оқу процесінде өнімді нәтиже беретін оқушының өзінің жетістігін, зияткерлік өрісінің ауқымдылығын сезінетін жағдай ыңғайластыру.

Аталмыш тәлім берудің мәні барлық дерлік білім алушылар тану барысына қатысады, тек тілді біліп, сол тілде еркін сөйлеуге, ойлауға мүмкіндік алып қана қоймай, талапкерлер білетін және ойлана алатын нәрселерді ұғынуға және рефлексиялауға дағдыланады, оқушылардың субъективті тәжірибесі талап етіледі және олардың өзіндік ұстанымы пайда болады.

Шетел тілін оқытуда интерактивті әдіске қатысушылардың белсене атсалысулары едәуір рөл атқарады, яғни қаншалықты белсенді болса нәтижесі соғұрлым көңіл көншітеді. Бұл оқыту технологиясын жүйелі түрде енгізуді мұғалімдер мен оқушылар арасындағы пәнаралық өзара әрекеттесуге жүйеленген, олардың шыңдалуына оңтайлы жағдай жасайтын тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыра аламыз. Әдісті қолдану даулы мәселелерді зерттеуді, нақты жағдайларды модельдеуді, бірлесіп шешу аясында проблемаларды ұсынуды қамтиды. Осылайша бұл оқыту әдісі мұғалімге топта ынтымақтастық пен шығармашылық көңіл күйін құруға мүмкіндік береді.

Ағылшын тілін оқыту жүйесінде білім беру қабырғасында жиі қолданылатын технологияларды қарастыру қажет: көрсетілім, талқылау және тапсырмалар. Заманауи көзқараста ағылшын тілін үйретудегі мультимедиялық, техникалық құрылғыларды істе пайдалану сықылды бағдарлар басымдық көрсетуде. Осы орайда, интерактивті әдістер мен оның тактикалары жан-жақты, нәтижелі, шабыттандыратын деген категорияға жатқызуға әбден рұқсат. Олар сынып атмосферасын, талапкерлердің көтеріңкі жай-күйлерін туғызуға, тақырыпты мәнді, тыңғылықты етуге жол ашады.

Ағылышын тілін оқытуда интерактивті тәсілдер мен әдістерді қолданудың мақсаты - талапкерлердің әлеуметтік ішінара байланыстығы, коммуникативті адамдар арасындағы арақатынас, оның аса мардымды ерекшелігі тұлғаның өзгелердің рөлін қабыл алу, қарым-қатынастағы жолдасының оны қалай қабылдайтынын, ситуацияны түсіндіріп, жеке басының әрекеттерін жобалауды тану қабілеті деп есептеледі. Осы мақсатты К. Роджерс пен басқа да шетелдік авторлардың интерактивті тәсілді коммуникативті технологиямен анықтауға болады деп санауларын дәлел ретінде қарастыруымызға болады. Және олар сонымен бірге «ағылшынша игерудің интерактивті моделін үйрену тілдік актілерге қатысу жолында жүреді» деп болжайды.

Ағылшын тілі сабақтарындағы интерактивті іс-шаралар әр атсалысушы үшін ортақ, бірақ маңызды шаруаларды ақылдаса отырып түйінін табуға жол түзейтін диалогтық қарым-қатынасты ұйымдастыра отырып өрлетуге жол салады. Өзін-өзі тану және басқа тұлғаларды тани білу құрылғысы болып табылады, дүниелік көзқарастарды қалыптастырады, өзгелердің іс-қимылдарын, мотивтерін жекелей ұғынуға және өсуге ықпал жасайды. Интерактивті оқыту бір ойыншының да, бір пікірдің келесісіне қарағанда үстемдік жасауына жол бермейді. Диалогтық жүйені қолдану аясында оқушылар сын тұрғысында ойлауға, мән-жайларды талдау және тиесілі мәлімет негізінде күрделі проблемаларды жоюда, балама ойларды шешуге, ойластырылған шешімдерді жаратуға, пікірсайыстарға қатысуға, өзге адамдармен тілдесуге үйретеді. Осы тарапта ағылшын тілі сабақтарында жекелей, жұптық оған қоса топ болып жасауға арналған шаралар қалыптастырылады, құжаттар мен әр түрдегі мәліметтермен жұмыс іске асырылады, шығармашылық жұмыс, ізденістегі жобалар, рөлдік ойындар пайдаланылады.

Білім беру ордаларында, мектептерде ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын интерактивті оқытуда: «Миға шабуыл»; «Карусель»; «Аквариум»; «Ментальді карта»; «Броундық қозғалыс»; «Jigsaw»;  «Cluster»; «Жоба» әдісі; «Кейс» әдісі; «Медиа әліппе» әдісі; «Дебаттар»; жұптық әдіс, топтық әдіс (шағын топтар әдісі), рөлдік ойындар секілді және тағы басқа технологияларды қолдануға болады.

Интерактивті технологияларды қолдану барысында оқушылардың жас ерекшелігіне, үлгерім деңгейіне, жалпы тұлғалық қабілетіне баса мән берген жөн. Бұл оқушының материалды ұғыну кезеңіндегі ескерілу керек басты критерийлердің бірі.

Интерактивті тәлімдік режимнің нәтижелілігі мен тиімділігі:

- оқытудың интерактивті технологиялары білім алушылардың тәлімін нақты қоршаған әлемді ұғыну, меңгеру және шығармашылық пайдаланау процесін жылдамдатуға мүмкіндік береді;

- талданылған ситуациялардың жауабын табуға қатысушылардың ниеті мен белсенділігін күшейтеді;

- бұнда әр адам сәтті, себебі оқытудың бұл техникалары өзгеше ойлау қабілетін жүйелестіреді, өзге көзқарасқа құлақ салу, татуластық, төзімділік, мәселелік жағдаятты байқап, оны реттей білу қасиеттерін дарытады;

- осы форматты енгізу білім бағдарламасын үйрету үдерісінде қатысушы мүшелерге өз практикасын алуға мүмкіндік ұсынады;

- интербелсенді қызмет қарым-қатынас құзыреттілігін дамытудың, іс-қимылға әзірліктің, құндылықтарды ұғыну мен қабылдаудың келесі сатыдағы мүмкіндіктерді ұсынады.

Қарастырылған ағылшын пәнінің сабақтарында қолданылатын интерактивті оқыту технологиялары, оны қолданудағы мән берілу керек критерий және міндеттері сақталған жағдай сабақтарында жұмысты қызықты және шығармашылық, ең бастысы тиімді етуге мүмкіндік береді. Олар қәзіргі әлеуметтік ортаның барлық талаптарына сай келетін, шетел тілінде еркін сөйлей алатын, мәселелер және перспективалармен жүздесетін халде, айқын міндеттер ұсына алатын, соларға оңай, тиімді жолмен барудың ретін қарастыратын, өзгеше, нық, тәуелсіз еркін ойлайтын қасиетке ие, өзін ізденіп табуға, сондаяқ өзіндік болмысын көрсетуге әзір шәкірт тәлімдеуге мүмкіндік береді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз