Ізденуші студенттер:
Елшібек Ақбота Азаматқызы
Джаумбаева Дана Женисбайқызы
Дәулет Ажар Серікқызы
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 4 студенттері, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы
Ғылыми жетекші: Қарсыбаева Раиса Канабековна
педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ БІРЛІГІ
Кілт сөздер: мектеп, отбасы, оқушы, тәрбие, ынтымақтастық, білім сапасы, бағалау туралы түсінік.
ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ СЕМЬИ И ШКОЛЫ В ПОВЫШЕНИИ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ
Ключевые слова: школа, семья, ученик, воспитание, сотрудничество, качество образования, оценка.
INTERACTION OF FAMILY AND SCHOOL IN IMPROVING THE QUALITY OF PRIMARY SCHOOL EDUCATION
Keywords: school, family, student, upbringing, cooperation, quality of education, assessment.
Кіріспе
Қазіргі мектепте оқу және тәрбие үдерісінің құрылымы мен мазмұнының жаңаруы, жаңартылған білім мазмұнына негізделуі, мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасының, олардың өзара қарым-қатынасының, сабақты ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясының, көптеген оқу пәндерін оқытудағы көзқарастың өзгеруіне байланысты отбасының да баланың сабағына жәрдемдесу мүмкіндігі жаңа сипатқа ие болды. Сондықтан да қазіргі заманның ағымына байланысты балаға ықпал етудің жаңа тәсілдерін ойластыру мен жүзеге асыруда мектепке ата-ананың көмегі өте қажет.
Ғылым мен техниканың прогресстік даму кезеңінде өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктігі мен білімділігін арттыру қажеттігі туындап отыр. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңында: «әрбір бала отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқылы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесін алуға құқығы бар. Сондай-ақ бала дене, ақыл-ой жағынан толық жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж»-деп көрсетілген, [1, 10]. Яғни онда әрбір ата-ана баласына қазіргі заман талабына сай білім алуын қамтамасыз етуіне, баланың жеке басын, талантын, дене және ақыл-ой қабілетін дамытып, адам құқығын құрметтеуге, баланы өз ата-анасын сыйлауға, оның мәдени тұрмыс-салтын, тілі мен құндылықтарын, еліміздің ұлттық байлықтарын бағалауға тәрбиелеуі міндетті деп аса зор мән берген. Баланың бойына қажетті құндылықтарды отбасы мен мектептің бірлігінде ғана сіңіре аламыз. Сондықтан мектептегі бiлiм беруді басқарудың ұсынысы «мұғалiм – отбасы – ата-ана» келісімі негiзiнде жасалды. Отбасы мен мектептің бірлікте басқару функциялары және қағидаларын орындау әртүрлі әдістерді қолдану жолымен жүзеге асырылады.
Осыдан ғылыми – зерттеу барысында ата-ананың мектептiң iс-әрекетiне қатысуы:
– отбасы мен мектептің бірлігі арқылы оқушының білім сапасын арттыру мүмкіндіктерін түсiнуіне;
– қалай, қайтып мектеппен бірлесе баласының білім сапасын арттыруды шешетініне;
– отбасы мен мектептiң бірлігі арқылы баласының білімін бағалау сапасын қадағалауды, жүзеге асыра алады.
Адамдардың психологиясының әр түрлiлiгi оқушының әке-шешесімен бірліктегі әрекетінде ұстаздар қауымына пайдасымен қатар өзiндiк қиындықтарды да туғызды. Сондықтан ата-аналардан кiмді, не үшiн, қалай iске араластырамыз деп ойластырылып, педагогикалық ұжыммен келiсе отырып, бірлікте атқаратын жұмыстардың барлық мүмкіндігі анықталып, тиiмдiлiктері іріктеп алудың маңызы зор. Ата-аналарды мектептiң басқаруына қатыстыруды дұрыс ұйымдастыра алсақ, жалпы мектепке көп өзгерiс, үлкен көмегiн әкелетінін анық.
Мұнда отбасының оқыту материалының деңгейі туралы түсінігінің болуы, білуі, оқуға деген мотивін дамыту арқылы баланың сабағына көмектесуі, білімнің қажеттілігіне баланың көзін жеткізуі немесе қызықтыра білуі маңызды. Баланың сабағына отбасындағылардың көмегі өте қажет. Ол үшін ата-ана балаға қалай, қайтіп көмектесуді білуі керек. Сондықтан отбасының мүмкіндігін анықтап, мұғалім ата-анаға кеңес түрінде үйретіп отыру қажет.
Отбасы мен мектептің біріккен әрекеті кезінде ата-ананың шешімі өте қажет. Мектептің іс-әрекетінің тиімділігі ата-аналар шешіміне тікелей байланысты. Мұнда бастысы -отбасының мектепке сенімі. Мысалы: баланың білім деңгейін анықтағанда, ата-ананың келісіміне қарай оқушымен жеке жұмыс жасаудың жолдары келісіледі. Сыныптан пәндік жарыстарға, пәндік олимпиадаларға, баланың қатысуы отбасындағылардың баласына қолдау көрсетуі де балалардың қызығушылығымен қатар ынта-ықласын, өзіне деген сенімін оятады.
Баланың мектептегі тәртібіне, мұғалім мен қарым-қатынасына, сөйлеу әдебіне, ортада өзін-өзі ұстау мәдениеті де отбасындағы берілетін тәрбиемен тікелей байланысты. Бұл оқушының сабаққа дұрыс қатысуына, «білімді өзім үшін меңгерем» деп ой түюіне, жақсылыққа ұмтылуына, менмендіктен, озбырлықтан аулақ болуына зор ықпал ете алады.
Мұғалімдердің тарапынан кәсіби маман ретінде ата-аналарға арналған жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын өткізу де ата-анаға үлкен көмек ретінде қарастырылады. Тоқсан сайынғы өткізілетін ата-аналар жиналысынды әр оқушының жетістік портфолиясын ата – аналарға таныстырып, балаларының өсу деңгейін көрсетіп отыруы тиіс. Бұл біріншіден мұғалімнің өлшеусіз еңбегі болса, екінші жағынан әр оқушының өсу, даму деңгейінің нәтижесі болмақ. Осыдан барып «мектеп-оқушы-ата-ана арасындағы сенімділік, жанашырлық сияқты ынтымақтастық формалары қалыптасады.
Үлгермейтін немесе тәртібі нашар оқушының үлгерімін немесе тәртібін жөндеудің жолдарын ортақ қарастыра алады.
Сынып жиналыстарының үлгісі.
Ата–аналар жиналысы.
Тақырыбы: «Балам қалай бағаланып жүр?»
Мақсаты: Ата –аналар бағалау түрлерімен (формативтік, суммативтік, критериалды ) танысады, критериалды бағалауды қолданудың тиімділігін біледі.
Күтілетін нәтиже:
Ата – аналар бағалаудың түрлерімен танысады, мұғалімдер пайдаланатын бағалау түрлері туралы біледі.
Ата –аналар балаларының жаңаша бағалану түрлерін таниды.
Негізгі ұғым:
– ата-аналарға балаларына ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту,
– Балаларын бағыттау, бағалаудағы әдістер туралы түсініктерін қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық сәт.
Жағымды ахуал қалыптастыру.
2. Шаттық шеңбер
«Мектептегі көңіл-күй, достармен!»
Шаттық шеңберге тұрады: Тренинг «Алма»
Сіздердің алдарыңызда тұтас үлкен әдемі алма тұр. Біздің арамызда ешқашанда түсінбеушілік болмасын деген тілек айтқым келіп тұр.
Алмадағы сандарды көрсетіп, сұрақ қоямыз. Сіздердің өмірлеріңізде бұл сандар қай жерде кездеседі?
Ата-аналар өз бетерімен жиналыстың тақырыбын анықтайды.
Жиналыстың тақырыбы «Бағалау»
3. Миға шабуыл. Миға шабуыл. (2-3 минут)
1. Ойланып сұрақтарға жауап беріңіздер:
- Бағалау дегеніміз не?
- Бағалау не үшін қажет?
- Ал, білім не үшін керек?
Ал енді келесі сәтте өздеріңіздің балалық шақтарыңызды бір сәт еске алып көріңіздер. Ең алғашқы алған бағаларыңызды еске түсіріп көріңіздерші.
– Сол кезде қандай сезімде болдыңыздар?
– Ойлаңыздаршы, ондай сезім неден туындады.
– Ата- аналарыңыз төмен баға алғанда қалай қабылдады?
– Сіздердің кездеріңізде мұғалімдер қандай сөздер айтып, қалай ынталандыра білді? Осындай сөздерді естігенде
– қалай сезіндіңіздер?
2. Мысалы мынадай мәселеге тоқталайық. Егер анасы баласына: «Сен өте әдемі сурет салдың. » немесе «сен төсекті дұрыс жинамадың»- дегенде ол баласының әрекетіне не берді деп ойлайсыз? Әрине ол бағалады
4. Топқа бөлу.
3 түсті көмегімен топқа бөлу
Топ ережелерімен таныстыру (слайд)
Жұмысқа кірісер алдында мен сіздерді мынадай ережелер мен таныстырып кетсем:
1. Әр ата- ананың сөйлеуге құқы бар, (3 мин)
2. Барлығымыз ортақ жұмыс істегендіктен, біздерде көрермендер жоқ. (10 мин)
3. Балаларымыз бір сыныпта оқыған соң барлығымыз доспыз, тәрбиелі де мідениетті адамдармыз. Өзіміздің де өзгенің де құпияларын сақтай аламыз. (3 мин)
4. Біз бір-бірімізге сенеміз. (3 мин)
5. Сергіту сәті
Әр топқа тапсырма: Алдарыңызда жатқан ресурстарды пайдаланып үйдің суретін салыңыздар.
Өз суреттеріңізді бағалаңыздар.
Ендігі кезеңде суреттеріңізді бір бірлеріңізбен ауысыңыздар.
– Бағалаңыздар.
Топтар қойған бағаларды қорғайды.
– Неге осындай баға қойылды?
– Баға қойғанда неге көңіл бөлінді?
– Келесі сәтте тақтаға назар аударыңыздар.
Критериалдық парақты пайдаланып тағы бір рет баллдарды қоюларыңызды сұраймын.
Тақтада слайд
Дескриптор арқылы баллдарды бағаға аударыңыздар.
Критериалдық парағы бойынша баға қойған оңай ма?
Сіздер суреттеріңізді бағаладыңыздар. Қандай бағалау түрлерін қолдандыңыздар?
Бұл бағалаулардың айырмашылығы бар ма?
Қай бағалауды таңдаушедіңіздер?
6. Постер жасау
7. Құрметті ата –аналар, бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы бағалау, осы бағалаудың бір неше түрлерімен танысып жатырсыздар. Осы түсінген ойларыңызды жинақтай отырап постер жасауларыңызды сұраймыз.
Әр топ постерларын қорғайды
7. Рефлексия.
Мектеп – кеме, білім –теңіз. Осы білім теңізіндегі кемеде әр қайсылыларыңыздың балаларыңыз бар екен. Әр ата-ана өз баласының біліміне алаңдаулы. Қай ата –ана болса да өз баласының болашақта білімді азамат болуын қалайды. Сондықтан, бәріміздің тілегіміз білімді тұлға қалыптастыру. Көптің тілегі - көл демекші, өзіміздің жүрегімізде, көңілімізде жүрген тілектерімізді балаларымызға жолдасақ. Жүрек- ол сезім, алақан – ол жылулық, күн – ол жарық сәуле. Олай болса алдарыңызда жатқан күннің, жүректің, бейнелеріне балаларыңызға тілектеріңізді жазып, білдірулеріңізді сұраймыз, «Күн шуағы» өздерінің тілектерін жазады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы – Алматы: Юрист, 2007. –16б.
2. Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Қ. Р. Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қараша № 17669.
3. «Білім беруді жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбындағы оқыту семинарының материалдары. Астана 27. 01. 2016
4. Бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері. Иманбекова Б. І, Саметова Ф. Т. , Алматы, 2004ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі