Өлең, жыр, ақындар

Біз өз балаларымызды қалай ауруға шалдықтырамыз

Балалар мен жасөспірімдердегі семіздік қазіргі уақыттың маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Мұндай науқастардың саны күн сайын артып келеді және бұл өте қорқынышты. Өйткені артық салмақтың негізгі себебі физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтанбау болып табылады.

Егер семіздік ерте балалық шақта дами бастаған болса, онда бұл қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін. Артық салмақты балаларда мұндай аурулардың қаупі едәуір артады:

— қант диабеті;

— артериялық гипертензия;

— бауыр жеткіліксіздігі;

— өт қабының бұзылуы.

Балалардағы семіздіктің негізгі себептері:

— алиментарлық (дұрыс тамақтанбау және баланың физикалық белсенділігінің жеткіліксіздігінен туындаған);

— эндокринді (эндокриндік бездердің күрделі проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерде кездеседі: бүйрек үсті бездері, қалқанша без және аналық бездер).

ДДСҰ 6 факт бойынша дабыл қағуда

1. Сәбилер мен жас балалардың (0-ден 5-дейін) артық салмаққа шалдығуы дүниежүзі бойынша 1940 жылы 32 миллион болса, 2016 жылы 41 миллионды құраған.

2. Артық салмаққа немесе семіздікке шалдыққан балалар дамыған елдерге қарағанда дамушы елдерде 30 пайызға артық.

3. Егер бұл жағдай тоқтамаса семіздікке шалдыққан және артық салмағы бар сәбилер мен жас балалардың саны 2025 жылға қарай 70 миллионға жету қаупі бар.

4. Егер бір шара қолданылмаса, жас балалар семіздікпен бала кезде, жеткіншек шақта және есейген кезде де зардап шегетін болады.

5. Бала кездегі семіздік ұзақ созылатын болса диабет, жүрек-қантамырларының бітелуі және көптеген ауруларға алып келеді.

6. Туылғаннан бастап 6 айға дейін тек емшек сүтімен емізу — сәбилерде семіздіктің алдын алудың маңызды әдісі болып табылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз