Медиаәлемнің біз білмейтін жетістіктері сан түрлі. Үлкен қадаммен жаңа өмірге, цифрланған қоғамға бетбұрыс жолында технологиялы орта көшіне ілесу білімділердің еншісінде. XXI ғасырдың жаңашыл бастамасынан журналистика саласы да қалыс қалмайды. Соңғы жылдары «факчекинг» пен «data журналистика» трендтен түсер емес. Аты шулы ұғымдардың қызметі қандай екен?
Ақпарат сананы, тұлғаны, қоғамды билеген дәуірдің бейбіт тұрғындарымыз. Уақытты есепке алмастан желдей жүйіткіген ақпараттардың санына шек болған ба!? Осындай заматта келген ақпараттардың анық-қанығына көз жеткізу, сараптау үшін «Фактчекинг» термині ғылымға енген. Фактчекинг - алдымызға келіп түскен кез-келген ақпаратқа күмәнмен қарау, сүзгіден өткізу. Ақпараттың жұқпалы індеттей өршіген тұсында олардың шын өтірігінің аражігін ажырату әсте қиын. Қалай десек те, ол журналистің басты міндеті болмақ. Әлдебір заматтарда қым-қуыт, алыпқашпа сөздер әлеуметтік желінің бетін шарлап кетті. Қай мәліметке құлақ түріп, қайсысынан аулақ тұру керектігін анықтауға мүмкіндік болмады. Фейк ақпараттың соңынан ерсек, «үшінші дүниежүзілік соғыс» басталардай жағдайға дейін барар еді. Батыс жарты шары Солтүстік Америкадан келген бұл термин ескі бұлақтың көзін ашып, шындықты айтты. Медикеңістікте фейкпен күресті. Қазір жалған ақпарат мүлде жоқ демеймін, бірақ бұрынғыдан жарасы жеңіл секілді. Медисауаттылықтың ажырамас бөлігі фактчекингті қабілетін меңгерудің маңызы біртіндеп артып келеді. Фактчекерлердің қызметі ақпараттың шыққан тегін анықтап зерттеп, сол туралы басқа беттерде жазылған дереккөздерімен салыстырып, осы жайында білетін адаммен, яки сала маманымен сұхбаттаса отырып, жалған ақпаратты анықтап, түзету. Осы фактчекинг ресурсын елімізде тұңғыш рет ашып, қазірде біршама істің басын қайырған журналистер тобы «factcheck.kz» сайтын құрған болатын. Осы сайтты шолып өтуге кеңес беремін.
Сандық технология дәуірінің өрлеп тұрған кезінде журналистика саласында Data журналистиканың ролі ауқымды. Тек мәліметтерді, жаңалықтарды, құбылыстарды жариялап қана қоймай, сандарды, статистиканы, қорытындылар мен мерзімдік есептерді сөйлету осы деректер журналистикасының қолында. Data журналистика қазіргі қоғамда үлкен сұранысқа ие. Өйткені, халық құрғақ сөзге емес, статистика мен цифрларға сенеді. Олар қайда болса нақты ақпарат та сол мақалада. Медиакеңістіктегі екі трендтің де ұқсастығы осы тұста. Факт немесе шынайы ақпарат. БАҚ-та ақпаратты немесе жаңалықтарды хабарлап қою жеткіліксіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі