Өлең, жыр, ақындар

Иман Тәмсілдері

Иман дегеніміз — білім. «Иман деген не?» - деп ақылымнан сұрадым. Ақылым жүрегімнің құлағына еңкейіп: «Иман әдептен тұрады», - деп сыбырлады. Олай болса әдепсіз адам Алладан сый-құрмет көрмей мақұрым өтеді» - депті Хазіреті Мауләна. Ал Абай: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті Осы үш сүю болады имани гүл...» Ақын айтып отырған «ИМАНИ ГҮЛ» кемел иманға байланысты сөз. КЕМЕЛ ИМАН дегенімз не? Ол туралы пайғамбарымыз өз хадисінде: «Иман етпейінше жұмаққа кірмейсіңдер, ал бір-біріңді жақсы көрмейінше КЕМЕЛ иманға қол жеткізе алмайсыңдар» - деген. Ғұлама әл-Мәлики: «Мына үшеуі кісінің ақылы мен кеңпейілділігін көрсетеді. Олар: 1. Көршісі мақтаса 2. Туыстары мақтаса 3. Жанындағы жолдасы мақтаса" - деген екен. Кемел иманның алғы шарты осы мақтау мен мадақ болса керек. Фараби «Мінезділік-бақытты болудың негізгі шарттарының бірі», — дейді. Және «Бақытқа жол сілтеуінде» еңбегінде мінез туралы былай дәйектеледі: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші-бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз». Ал Абай: «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық" — дейді.

Лесбай Сырым


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз