Өлең, жыр, ақындар

Мамандығым - мақтанышым!

Мен қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультетінің студентімін. 

Менің қазір сөз қозғағым келіп отырған тақырыбым өз университетім,соның ішінде мамандығым жайлы. Мамандығым - Дінтану. Бұл мамандыққа оқуға түспес бұрын көп ойланып шешім қабылдадым. Әрине ,мектепті тәмамдап болғаннан кейін,жақсы мамандық иесі болғың келетіні сөзсіз. Осы дінтану мамандығында оқысам кейін өз мамандығым бойынша жұмыс таба аламын ба , дипломым үйде шаң басып қалмай ма деген сұрақтар мазалағаны да рас. Бұл мамандық жайында мен мектеп қабырғасында жүргенде алғаш естіген болатынмын. Өз ойымды жинақтай келе ата-анаммен ақылдаса отырып,осы мамандыққа құжаттарымды тапсырдым. Сонымен, 2019 жылы жазда шығармашылық емтиханды ойдағыдай тапсырып, 109 баллмен, бала кезден армандаған университетінің грант иегері атандым, қазіргі таңда 3-курсты тәмамдадым. Бала күнгі арманыңның қазіргі күнде орындалатынын кім білген десеңші?! Шіркін, сол емтихан тапсырып, жоғары балл жинаған кездегі қуанышымды сөзбен жазу мүмкін емес. Жалғыз менің емес, талай түлектердің арманы болған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқу мүмкіндігі маған да бұйырыпты. 

Мамандығымды меңгеру барысында түрлі қызықтарға тап болдым. Бүкіл дүниежүзінде әр халықтың,тіпті әр адамның Құдайға деген сенімі әр қилы екенін білдім. Осыған дейін әлемде тек 4 дін Буддизм,Христиан,Ислам,Иудаузм діндері бар деп ойлап келдім. Бұл ойымның қате екендігін оқу барысында түсіндім. Мамандықтықты меңгеру үшін университет қабырғасында барлық жағдай жасалған. 

Бұрын дінтану десе халықтың құлағына түрпідей тиетін бұл мамандық енді - енді кеңге жайыла бастап, адамдардың бойы үйренді. Нақтылап айтар болсам, бұл мамандықты бітірген студент мешітте имам болып, уағыз айтатын адам емес (көбісі солай ойлайды). Дінтану зайырлы мамандықтардың бірі, яғни экономист, заңгер, бухгалтер дегендеріңізден асып түспесе, кем емес.

ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені. 

Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-де оқып жүргенімді өмірімдегі ең үлкен жетістік деп санаймын.

Армандар орындалады!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, аға оқытушысы Сарсембаев Р.М., Дінтану мамандығының 3 курс студенті Қуандық Аяжан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз