Өлең, жыр, ақындар

Дін мен жастар

Дін әрбір халық мәдениетінің рухани негізі болып табылады. Бүгінгі таңда әркім өзінің дініне, сеніміне берік бола отыра адамзаттық, өркениеттік сананы қалыптастырады. Қазір мемлекетімізде әртүрлі конфессия өкілдері  өзара татулықта өмір сүруде. Олардың бәрін бір мақсат пен ортақ мүдде біріктіріп, ауыз біршілігін нығайтып отыр. Дәл осындай бірлігі жарасқан ел халқының басым бөлігі ислам дінін ұстанушылар болып табылады. Десекте,соңғы кездері біздің дінімізді теріс ағымда таратып,насихаттаушылар көбеюде. Қазіргі таңда діннің маңыздылығы қоғамның тұрмыс салты мен дүние танымының жүйесі ретінде маңызды рөл атқарады. Діннің қоғамдық қатынастарға,қоғам санасын қалыптастыруға ықпал етуі күшейе отырып,әр түрлі топтар өкілдерінің діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда.

Әсіресе соның ішінде жастарды айтсақ болады. Қазіргі уақытта жастар арасында дінге деген қызығушылық артып келе жатыр. Жастардың жалпы рухани дәстүрлерге,атап айтқанда, дінге деген қызығушылығы және де  діндарлық деңгейінің өсуі байқалады. Бүгінгі таңда қоғамымызда жастардың діни сауаттылығын дінге жаңадан бет бұрған жастарымыздан көруге болады. Жаңадан дінге бет бұрған жастар басқа діни ағымдарға түсіп кетіп жатады. Яғни, діни жастардың өз халқының салт-дәстүрлері мен рухани мәдениетінен бас тартып, өздері өмір сүретін қоғам мен мемлекетке қарсы тұруы болып келеді. Соның ішінде зорлық-зомбылық жолдары, және біздің еліміздің зайырлы сипатын өзгертудің негізі ретінде пайда болды. Мұның бәрі қандай да бір жолмен қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің жаңа формаларына әкеп соғады. Сонымен қатар,жастар арасында діни жат идеологияға түсуінің басты себептерінің бірі ретінде діни сауаттылықтың төмендігі десекте болады. Діни сауаттың төмендігінен жат ағымдарға еріп әлеуметтік желі арқылы немесе басқа бағыттағы діни кітаптарды оқып, басқа діни бағыт ағымдарына түсіп кетіп жатады. Және де шет елде білім алу барысында да діни адасушылыққа түсіп кетеді.  Яғни діни сауаттылықты арттыру барысында шет мемлекеттерге барып білім,ілім ізденіп кейбір жастардың қазақ қоғамының құндылықтарына қарсылық тудыратын іс-әрекеттері байқалуда. Яғни, ұлттық құндылықтарымызды жоққа шығарып, кейбір мемлекеттердің идеологияларын ел арасында іріткі салып жүргендерде кездесуде. Қазіргі жаһандану кезеңінде жалған ақпараттардың интернет желілерінде көптігі, және де сырттан діни оқу ордаларынан оқып келген дәстүрлі емес діни танымдағы уағызшылардың насихаты арқылы діни сауаты төмен жастардың санасына оңай ықпал етеді. Осындай себептерден кейін, бұрыннан қалыптасқан дәстүрімізді жоққа шығарады. Және де осындай салт- дәстүрімізді құрметтеуден қалған кейбір жастардың бойында отанға,елге,жерге деген сезімдері де жоғалады.

Жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеуде ислам дінінің маңызы ерекше болып табылады. Ислам діні әлеуметтік тұрғыдан қоғамды біріктіреді. Және қоғамның мүдделерін қорғап,рухани құндылықтарға жол сілтейді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда жастарға діни білім алуына,діни сауатты арттыруда өз елімізде медреселерде, және де 9 жоғары оқу орындарында дінтанулық,теологиялық білім беріледі. Сонымен қатар,әр мешіттің жанынан  діни сауат ашу курстары да жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, елімізде "дінтану" және "теология" мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр Ислам Египет мәдениет университеті,  Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлемдік тілдер университеті, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті мамандар даярлауда.

Қорытындылайтын болсақ, біздің еліміз Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет. Яғни, әркімнің өз қалауы бойынша дінді ұстануы,сенімі өз еркінде болып табылады. Елімізде әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің өзара бейбіт өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Мұсылмандар,христиандар және де басқа дін өкілдері біздің көп ұлтты елімізде өзара тату-тәтті өмір сүруде. Біздің мемлекетіміздегі конфессия аралық қарым-қатынастар әлемдегі  біршама мемлекеттерге үлгі болып отыр. Сонымен қатар еліміздегі жастардың  діни сауаттылғын арттыру маңызды болып табылады. Ұлттық сипатқа айналған мемлекеттік дініміз бен дүниетанымымызға сырттан келіп,өзгеше түзету жасағысы келгендерге жол бермеуге тырысуымыз керек. Қазақ халқы ежелгі ата-бабаларымыздан бері Исламды өзінің байтақ даласында мемлекеттік дін ретінде қабылдап насихаттаған болатын. Қазіргі жаһандану кезеңінде қоғамның бейбіт өмірін сақтау,діни сауатсыздықтың алдын алу тек қана мемлекеттің емес әрбір азаматтың ел болашағы үшін парызы болып табылады.

Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ wwwkaznu.kz, дінтану мамандығы 3 курс Сеитнұр А.Б

Филос.ғ.к Кантарбаева Ж.У


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз