Міне, бүгінде еліміз тәуелсіз мемлекет ретінде жаңа өмір салтын қалыптастырып, қызмет ете бастады. Мемлекетіміз дүниежүзілік ұйымдарға мүшелікке еніп, ерекше қарқынмен дамып келеміз. Қазақстан мемлекетінің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы 2022 жылғы 16 наурызда халыққа үндеу жолдаған болатын. Және де сол жолдауында Жаңа Қазақстанның жол картасы айқындалып көрсетілді. Жалпы, Қазақстанның жаңару мен жаңғыру кезеңіне аяқ басқандығы айқын айтылып өтті. Еліміз егемендік алған жылдардан бастап біршама жетістіктерге жетіп, дамып келеді және де әлемдік қоғамдастықта зор беделге ие болды. Бүгінгі таңда өз мемлекетіміздің берік іргетасы қаланып, алға қарай жақсы қарқынмен жаңа кезеңге қадам бастық.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы 5 маусым күні жалпы халықтық референдум өтетіні туралы хабарлаған болатын. Яғни, бұл референдум - жалпы саяси реформаларды жүзеге асыру негізіндегі басты маңызды құжат болып табылады. Және де мемлекет басшысының үндеуі бойынша 5 маусым күні Қазақстан халқы үшін өте маңызды күн болды. Яғни, 5 маусым күні барша қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып, өз болашағымыз үшін өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Жалпы, біз осы Қазақстан халқының дұрыс таңдау жасауы, дауыс беруі арқылы құқықтық мемлекеттің либерализациялануына қол жеткізе аламыз.
Бүгінде елімізде саяси реформалардың басты негізі - конституциялық өзгерістер болып табылады. Қазірге кезде мемлекет басшысы өзінің саяси реформаларына байланысты негізгі жаңа бағдарламасын ұсынды. Яғни, Жаңа Қазақстанның жаңа ережелері ең алдымен Ата-Заңымыздан бастау алады. Және де нәтижесінде Конституциясының 33 бабына өзгерістер енгізу арқылы 20 дан астам заң жаңаша редакцияланатын болады. Сонымен қатар, сол арқылы елімізде саяси жүйе мен саяси басқарудың қайта құрылуы жүзеге асырылатын болады.
Қорытындылайтын болсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының негізгі бастамаларына халқымыз өз қолдауын білдіріп, зор үміт артып отыр. Сонымен бірге, адамның негізгі құқықтарын қамтамасыз ету, заң үстемдігін орнату сынды негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттада өз жалғасын таба алатындығына сенімдіміз. Нәтижесі арқылы мемлекетіміз халықаралық келісімдерге берік екендігін іспен де дәлелдеп отыр деуге болады. Жалпы, Президенттің 2022 жылғы 16наурыздағы халыққа Жолдауында реформалардың жаңа жүйесін жариялағаны маңызды және ерекше. Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаевтің негізгі мақсаты-еліміздің дамуына серпіліс жасау, және де оның әлемдегі позициясын одан әрі қарай нығайту болатыны анық. Яғни, бұл дегеніміз "Жаңа Қазақстанның" дискурсына сәйкес келеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ wwwkaznu.kz, дінтану мамандығы 3курс Сеитнұр А.Б.
Филос.ғ.к Кантарбаева Ж.У
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі