Қайым Мұхамедханұлы 1916 жылы 5 қаңтарда Семейде туған. Әкесі Мұхамедхан Семейде шығатын «Сарыарқа» газетіне, «Абай» журналына меценаттық көмек жасап тұрған (осы журналдың 70 жылдан соң қайта жарық көруіне, Семейдегі «Алаш арыстары» мұражайының ашылуына көп еңбек сіңірді).
1940 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі болды. Қ. Мұхамедханұлының ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби-өлкетану бағытында болды. Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М. Әуезов ұйытқы болса, Қ. Мұхамедханұлы өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалаларының саны 400-ден астам. Ал, жалпы ғылыми еңбектерінің саны 500-ден асады. Белгілі әуезовтанушы ғалым Тұрсын Жұртбай өзінің «Қайсар ғалым» деген мақаласында: «Қайым Мұқамедханұлы — Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңызды қағазға түсірген фольклорист», — деп баға берген.
Ол сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулық әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы, әдеби байланыстары туралы 300-ден астам ғылыми мақалалар жазған. Ол драматургия саласында да қарымды еңбек етіп, көптеген пьесалар жазды. Қайымның «Толқын» (1994ж.), «Майданнан майданға» (1947ж.), «Комиссар Ғаббасов» (1960ж.), «Ер Білісай» (1974ж.) пьесалары көркемдік және тарихи шындықты тұтастай алып, оқиға желісінің өткір құрылуымен ерекшеленеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі