Өлең, жыр, ақындар

Хижри жаңа жыл

Мухаррам айы — исламдық қамари жылдың бірінші айы және Құран кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші түні мұсылмандардың қамари жаң жыл түні болып есептеледі. Хижри қамари күнтізбе Мұхаммед пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Меккеден Мәдинаға хижрет еткен (көшкен) жылынан басталады. Мухаррам айының бірінші күні болған алғашқы қамари жаңа жыл григориан күнтізбесі бойынша 622 жылдың тамыз айының 16 жұлдызына сай келетін жұма күні болатын. Қамари күнтізбеде бір жылда 354,367 күн бар. Бұл кезең айдың жерді 12 рет айналған кезеңі. Күн жылынан 10,875 күн қысқа. Сол себептен 32,5 жылда бір жыл артық болады.

Христиандар өз жаңа жылдары саналатын қаңтар айының 1-ші түнінде Рождествоны тойлайды. Христиан діні бұйырған (!) күнәларды, күпіршіліктерді істейді. Мұсылмандар да өз жаңа жыл түнінде бір-бірімен қол алысып, телефон немесе хат арқылы бір-бірін құттықтайды. Бір-бірлерінің үйлеріне барып, сыйлықтар береді. Газеттер мен журналдар арқылы да құттықтаулар береді. Жаңа жылдың бүкіл мұсылмандарға берекелі және қайырлы жыл болуы үшін тілек тілейді. Үлкендердің, туыстардың, ғалымдардың үйлеріне барып, олардың баталарын алады. Мереке секілді таза киініп, кедейлерге садақа береді. Мухаррамның алғашқы 10 күні мен түні қасиетті күндер мен түндер болып саналады.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Кімде-кім мухаррам айының алғашқы күнінде төмендегі дұғаны 3 рет оқыса, Аллаһу та’ала ол адамды келесі мухаррам айына дейін барлық бәле-жаладан сақтайды:

«Әлхамдулиллаһи Раббил-аләмин. Уассалату уәссәламу ала сәйидина Мухаммадин уә ала әлиһи уә сахбиһи әжмаин. Аллаһумма әнтәл-әбадиул-қадим, әл-хаййул кәрим, әл-ханнан, әл-мәннан. Һазиһи сәнәтун жәдидәтун. Әсәлука фиһәл-исмәтә минәшшайтанирражим, уәл аунә ала һазиһиннәфсил-әммарати биссуи уәл-иштиғалә бимә юқаррибуни иләйкә, йа зәл-жәлали уәл-икрам, бирахматикә йа әрхамаррахимин. Уә саллаллаһу уә сәлләмә ала сәйидина уә нәбийинә Мухаммадин уә ала әлиһи уә сахбиһи уә әһли бәйтиһи әжмаин».


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз