Мың шақырымдай жол жүріп, көшпелі қазақ елінің шел сахарасын көктей етіп келген маған Кішіқұмдағы ауылдар онша тосырқарлықтай болып көрінбеді: Белес-белес құмдары ғана болмаса, қалпы да, салты да бірыңғай, мал баққан бытыраңқы ауылдар екен.
Жерінің ерекшелігі тек қана қыр емес, белес-белес, қызылшағыл құм болады екен. Сол құмдардың кең қойнауларын жайлаған шоғыр-шоғыр ауылдар. Құм қойнауының шебі шүйгің оты мол болады екен. Қойнау табанының суы да жақын көрінеді. Жарты метр құдық қазсаң, тұп-тұнық, мөп-мөлдір мұздай суық суы шыға келеді.
Жерінің тағы да бір өзгешелігі — жазы ұзақ, қысы әрі қысқа, әрі жылы болады екен. Аз жауған қары көп жатпай еріп кетіп, түтеген борансыз, ысқырған аязсыз қара суық болады да тұрады. Қысы бейне біздің жердің қоңыр күзі сияқты.
Елінде қыстау болмайды. Елі жазында да, қысында да киіз үйде отырады екен. Бірен-саран байларда ғана малдың төліне арнап салынған кірпіш үйлер болады екен.
Кішіқұмды жайлаған ел Толағай болысындағы малды ауылдар екен. Кішіқұмның қойнауынан үйір-үйір жылқы, қора-қора қой өреді.
Соншалықты төңкеріліп жатқан қыруар малдың жүзден сексені байлардікі. Әрбір байдың үйінің қасында 15-20 қараша киіз үйлер отыр. Бәрі де байлардың тегін малшылары; бірі қойшы, бірі жылқышы, бірі түйеші, байдың малын жайып, суаратын да солар. Байдан алатын ақысы жартымсыз сауың бірен саран ат майы. Бірақ бай, кедейге бүйірін шығару үшін емексітеді. Қытымыр байдың тастаған сүйегі сорлылардың екі бүйірін емес, екі көзін шығарардай еді. Кішіқұмдағы менің көрген ауылдарымның табиғи және әлеуметтік жағдайлары осындай еді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі