Ауылдық мектеп Ыбырай деген бай үйінің маңынан ашылған екен. Сондықтан сол байдың үйіне келіп түстік. Байдың үйінде бізден бұрын келген екі-үш қонақ отыр екен.
Біз кіріп сәлем бердік. Бірақ бізге ешкім терден орын бере қоймады. Сәл кідіріп тұрып қалдық.
— Отырыңыздар, — деді үйдің сол жағындағы төсегінде отырған қара сақалды жуан адам. Ыбырай бай деген осы екен. Біз босаға жақтан орын алып отырдық. Атшы екеумізге екі тостаған қымыз құйдырып берді. Төрде отырғандарды байқап қарасам, біреуі молда екен де, біреуі не болыс, не старшын сияқты адам екен.
Оларға таяу қарапайым бір шаруа да отыр. Ол Оспан деген кісі екен.
— Жол болсын танымадық, — деді бай.
— Әлей болсын — деді атшы. — Мен атшымын. Мына жігіт осы ауылға бала оқытуға келе жатқан адам. Аты Спандияр.
— Иә, әлгі Қостанайдан келеді деген өшетіл бала осы екен ғой, — деді старшынға ұқсатқан кісім.
— Дәл, — дедім.
— Қашан шықтыңыз?
— Он төрт, он бес күн болды.
— Орысша оқытасыз ба, мұсылманша оқытасыз ба?
— Орысша.
— Иман шарт оқытыла ма? — деді молда.
— Жоқ, иман шарт оқытылмайды.
— Намаз сабағын оқытасыз ба? — деп сұрады молда.
— Жоқ, оқытпаймыз.
— Алғаязы биллә, — деп молда ыршып түсті.
Молданың тегін сұрақ қойып отырмағанын аңғардым да, сақтана бастадым.
— Дін сабағы, — дедім мең — ауылдық мектепте емес, төрт жылдық болыстық мектепте оқытылады. Ауылдық мектепте балалардың сауаты ғана ашылады. Сегіз-тоғыз жастағы қара танымайтын балаларға дін сабағын бергенмен олар бәрібір ұқпайды. Мұсылманша оқытқанда да солай ғой бастап ежікке түсіп, одан кейін сүрені оқып, сонсоң барып дін сабағы оқылады.
Молда үндемеді.
— Орысша оқытқанда, орыстың діні де оқытыла ма? деді бай.
— Жоқ, оқытылмайды.
— Былайша айтқанда, орыс тілі ғана оқылады екен ғой, деді төрде отырған шаруа.
— Дұрыс айтасыз, — дедім мен.
— Оқу қашан басталады? — деп сұрады старшын.
— Мектеп үйі дайын болса, күні ертең де бастауға болады.
— Мектеп үйі дайын ғой, бірақ оқитын балалар болса... — деді бай.
— Бұл елде бала жоқ па? — деп қалдым мен.
— Бала неге болмасын? Бала бар... тек ата-аналары оқытса? — деп бай маған бір, отырғандарға бір қарап қойды. — Осында мектеп ашылатын болыпты, балаларды орысша оқытады екен деген хабарды естігелі жұрттың өзі балаларымызды орысша оқытып, солдатқа әкеткелі жүр екен м и, қорқыңқырап, балаларын оқытқысы келмей отыр.
— Иә, алла тағала уәтәбәрәкә, — қайтсын бишаралар, жандары сезеді, құдай тағала білдіріп тұр ғой, — деп молда сақалын бір сипап қойды.
— Оқитын бала табылады ғой, — деді старшын — менің екі балам бар, болыс төрт баласын оқытам деп отыр, үшінші ауылдың бір езінен ғана 15 бала жазылды.
— Мен де оқытқалы отырмын — деді шаруа жігіт.
Сенде қанша бала бар еді? — деп сұрады старшын.
— Екеу еді.
— Айтамын ғой, бала жетеді, — деді тағы да старшын.
— Біздің балалар да оқиды, — деді бай күмілжіп.
— Онда әңгіме тек мектеп үйінде қалыпты ғой. Мектеп дайын болса, бір-екі күннен соң оқуды бастау керек — дедім мен.
— Мектеп үйі дайын — деді тағы да бай, — саңғырлап тұр. Қазір көруіңізге де болады..
— Көрелік.
— Керетін түгі де жоқ, — деді старшын — саңғырлап тұр. Бұрын-соңды бұл өңірде тап осы мектептей үй салынды ма екен сірә?! Әй, қайдан салынсын салынбаған шығар?
— Жаңа келген адам ғой, көрсің — деді бай.
— Керсек көрелік — деді старшын.
— Жүріңіздер онда, — деп бай қозғала бастады.
Үйде отырғандардың бәрі де, басы молда боп, орындарынан тұрды. Біз де тұрдық.
Бәріміз сыртқа шықтық. Маңайда мектеп үйіне ұқсас үй көрінбеді. Мен мектеп алыста шығар деп ойлап, төңіректі шолып тұрып қалдым.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі