Биылғы оқу жылында Алматыда бірінші сыныпқа 32 мыңға жуық бала барды. Қала мектептерінде барлығы 317 мың оқушы білім алатын болады. Биыл бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, Білім күні бірден сегіз жаңа мектеп есігін айқара ашты, олардың төртеуі – мемлекеттік. Бұл оқу орындары Мәдениет, Қалқаман, Саялы, Томирис шағынаудандарында орналасқан және 6600 орынға есептелген. Қалған төрт мектеп (1470 орын) жеке инвестиция есебінен салынды. Сондай-ақ, бүгінде №191, 146, 125 мектептерге жапсарлас құрылыс жұмыстары аяқталды, бұл оқушылар санын 875 орынға ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Биылғы оқу жылынан бастап Алматы мектептері бір немесе екі ауысыммен білім алуға толық көшеді. Мәдениет шағынауданында ашылған 1500 орындық мектеп қаладағы жалғыз үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Қалада барлығы 210 мемлекеттік және 91 жекеменшік мектеп жұмыс істейді.
«Жыл соңына дейін бес мемлекеттік және екі жекеменшік мектепті пайдалануға беру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған оқу орындарының жанындағы үш қосалқы нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі